КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫ АУРУЫНАН САҚТАНЫҢЫЗ !
Аймағымыз Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Қызбаның терең тарауына өңіріміздің климаттық жағдайларының қолайлы болуы басты себеп. Жыл сайын эпидемиологиялық маусымда аурудың алдын алу шаралары күшейтіледі. 2024 жылға ауданда көктемгі-күзгі эпидмаусымында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан 20 елді мекен қолайсыз болып танылған. Ауданда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын алу мақсатында күзгі залалсыздандыру жұмыстарының I кезеңі 19 қыркүйек күнінен бастап 7 қазанға дейін жүргізіледі. Ал 2 кезең қыркүйектің 28 күнінен қазан айының 16 дейін жүргізіледі.
Сала басшысының айтуынша, 2024 жылдың бүгінгі күніне дейін Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруына күдікті диагнозымен 3 науқас тіркеліп, зертханалық сынама нәтижелері теріс болып, есептен өтпеді. Басқармада кене шағу фактілері бойынша медициналық ұйымдарға жүгінген адамдарға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 19 күніне дейін аудан бойынша кене шағудан зардап шеккен 197 адам тіркелген (өткен жылдың осы кезеңінде - 164 ), яғни 33 жағдайға көтеріліп отыр. Барлық адамдар 14 күн ішінде медициналық бақылауға алынды, клиникалық белгілері жоқ, шағымдары жоқ. Медициналық бақылаудан – 192 адам алынды.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарынан арнайы құрылған жұмысшы топ емдеу мекемелерінің аса қауіпті ауру тіркелген кездегі дайындық барысын, мамандар біліктілігін мониторингілеп, әдістемелік көмек көрсету үшін көшпелі семинарлар ұйымдастырды. Сонымен қатар елді мекен тұрғындарымен кездесіп, кене шаққан кезде, аурудың алғашқы белгілері байқалған кезде шұғыл медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы тұрғындар арасында санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізуде. Осы ретте тұрғындар назарына қора-аула тазалықтарын қатаң сақтауды және қолайсыз елді мекендерде жүргізілетін өңдеу жұмыстары барысында мал бастары мен аулалардың толық дәріленуіне үй иелері тарапынан қатаң бақылау қажеттігін еске саламыз.