Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы – аса қауіпті аурулардың бірі. Қызылорда облысы аталмыш аурудың табиғи ошағында орналасқандықтан, оған қарсы күрес шаралары тиісті деңгейде жүргізілуде. Қазіргі таңда облыста Конго-Қырым безгегіне қауіпті 115 елді мекен анықталды. Осыған сәйкес, қолайсыз деп танылған аймақтарда кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезең арқылы жүзеге асырылмақ. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова хабарлады.

- Облысымызда жыл басынан бері 7 адам кене шағу дерегімен медициналық көмекке жүгінді. Қазіргі таңда олардың жағдайлары бірқалыпты, өмірлеріне төніп тұрған қауіп жоқ. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу мақсатында осы жылдың ақпан айында облыс әкімінің арнайы Қаулысы қабылданған болатын. Осыған сәйкес, кенеге қарсы жұмыстардың сапасы мен тиімділігін бақылайтын арнайы жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, облысымызда аталмыш аурудың өршіп кету қаупі бар 115 қолайсыз елді мекен анықталды. Атап айтқанда, Аралда – 11, Қазалы мен Қармақшыда – 16, Жалағаш пен Сырдарияда – 11, Жаңақорғанда – 18, Шиеліде – 20, Қызылорда қаласында – 12 елді мекен есепке алынды. Осы аймақтарда көктемгі кенеге қарсы өңдеу жұмыстары сәуір айының алғашқы онкүндігінде басталады деп жоспарлануда. Алғашқы болып оңтүстік аймақтар – Шиелі мен Жаңақорған аудандарында жүргізіледі, - деді Динара Олжабайқызы.

Брифинг барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков Конго-Қырым геморрагиялық қызбасынан сақтану жолдарын айтып, аса қауіпті аурудың алдын алу шараларына тоқталды.

-Тұрғындар кене шыққан жағдайда жедел түрде медициналық көмекке жүгінгені жөн. Өйткені күнді ұзартып алудың соңы қайғылы жағдайға айналуы ғажап емес. Қазіргі таңда біздің басқарма тарапынан тиісті шаралар қолға алынуда. Мәселен, науқастарға арналған қан қоры және емдеуге қажетті барлық препараттар әзірленуде, - деді Олжас Ермекұлы.

Биыл аймақ бойынша 4928 гектар жерге кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі және бұл күзгі маусымға дейін жалғасады. 

Бүгінде КҚГҚ-ның табиғи ошақтарында энтомологиялық зерттеу барысында 3 мыңнан астам кене жиналып, оның 372-не сынама алынды. Нәтижесінде 4 сынамадан оң нәтиже анықталып, жұқпалығы-1,1 пайыз екендігі анықталды, - деді «Ұлттық сараптама» орталығы облыстық филиалының басшысы Фарида Қалиева.

Фото: egemen.kz
28 наурыз 2024 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031