Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Қызылордада кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары күшейтілді

Қызылорда қаласы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошағында орналасқан. Жыл сайын эпидемиологиялық маусымда аурудың алдын алу, залалсыздандыру жұмыстары күшейтіледі. Осы орайда Қызылорда қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында жауапты сала мамандары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізіліп жатқан шараларға тоқталып, қолға алынған негізгі шаралар туралы баяндады.

– Былтырғы 2023 жылы алғашқы диагнозбен Конго-қырым геморрагиялық қызбасының 13 жағдайы тіркелді. Оның 1 жағдайы (шілде айында) клиникалық және зертханалық расталды. Тексеру қорытындысы негізінде науқастың фазендада жеке шаруашылықтағы ауылшаруашылық мал бастарын бағуға барғандығы және кене шағумен байланыстыратындығы анықталды. Науқас сауықты. Дегенмен, биыл медициналық көмекке кеш жүгінген қолайсыз аймақ тұрғыны көрсетілген арнайы ем-домға қарамастан 18 сәуір күні қайтыс болды. Бұдан бөлек, ошақта және медициналық қызмет көрсеткен шамалы қауіпті байланыста болған 2 адам аймақтық емхана дәрігерлерімен медициналық бақылануда, – деді Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Гүлмира Жамбылқызы.

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының бастапқы кезеңінің белгілерін ықтимал анықтау мақсатында аумақтық медициналық ұйымға жүгінген адамдардың денсаулық жағдайына кене шаққаннан кейін 14 күннің ішінде мониторингтеу жүргізілуде. Ағымды жылдың эпидемиялық мерзімі басталғалы бері қалада кенеден зардап шегіп, медициналық көмекке 54 адам қаралған.

Қолайсыз аймақтардың санитариялық-қорғаныш белдеулерінде, буферлік аймақтарды құру және ауылшаруашылығы мал бастары мен олардың қора-жайларында көктемгі кенеге қарсы дезинсекция жұмыстарының 1-кезеңі 11-24 сәуір аралығында өтсе, 2-кезеңі 12-24 мамыр аралығында жүргізіледі.

– Қала бойынша Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошағында кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстары көктемгі эпидмаусымда – 625 гектар жер көлемінде жүргізілді. Бұл кенеге қарсы өңдеу жұмыстары орталықтың бригадасымен «Дельтаметрин» және «Фаворит» дезпрепараттарымен жүргізілді, - деді ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Фарида Ыдырысқызы.

Айта кету керек, инфекцияны жұқтыру көп жағдайда кене шағумен, мал күтімімен, ауылшаруашылық жануарларын союмен, науқасқа күтім жасаумен байланысты болады. Сондықтан далалық аймақтарда жүргенде барынша сақтанған абзал. Кене малдың үстінде болатындығын ескере отырып, малды алдын ала кенеге қарсы егіп, мал қорада кенеге қарсы улау жұмыстарын жүргізу керек және мал күтімімен айналысу барысында бөлек арнайы киім пайдалану қажет.

– Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті немесе науқас анықталысымен облыс көлемінде қарастырылған 237 инфекциялық төсекке оқшауландырылып, шұғыл індетке қарсы іс-шаралар жүргізіледі, - деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Әділбай Қаниұлы брифинг барысында.
26 сәуір 2024 ж. 157 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930