ҚЫРЫМ ҚАНДЫ БЕЗГЕГІНІҢ БЕЙНЕСІ

– Айгерім Айтжанқызы, ҚырымКонго геморрагиялық қызбасы туралы айтып беріңізші. Бұл аурудың табиғаты қандай?
– Қырым-Конго геморрагиялық қызбасы – жедел трансмиссивтi жұқпалы аурулар қатарына жатады. Негiзiнен екi толқынды дене қызуының көтерiлуiмен, жалпы интоксикация және тромбогеморрагиялық синдром белгiлерiмен сипатталады. Аты аталған ауру маусымдық сипатқа ие. Яғни көктем-жаз айларында кеңiнен етек алады. Негiзiнен ауылдық жердегi тұрғындар ауырады. Қалалықтар ауылдық, далалық жерге барған кезде ауруы мүмкiн. Кейбiр жағдайда ауру науқас адамнан сау адамға, не болмаса зертханалық тексерулер барысында қан арқылы жұғуы мүмкiн. Эпидемиология – аурудың табиғаттағы резервуары сүт қоректiлер: сиыр, ешкi, қоян және жабайы кемiргiштер болып табылса, тiкелей ауруды таратушы кене «Hyalomma marginatum» деп аталады. Ол өз бойында осы аурудың қоздырғышын тасымалдайды. Сол кенелер адам денесiне жабысуы салдарынан, не болмаса кенелердi сығып өлтiру барысында қаны арқылы жұғады.
– Түсінікті. Енді осы індеттің к л и н и к а л ы қ к ө р і н і с т е р і н е тоқталайықшы. Олар қаншалықты қауіпті?
– ҚҚГҚ-ның алғашқы белгілері қарапайым тұмау тәрізді. Бірақ инфекция дамыған кезде жағдай күрт нашарлайды. Клиникалық көрiнiстерiнде инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге созылуы мүмкiн. Айта кететiн жағдай, Қырым-Конго геморрагиялық қызбасымен ауырған науқастардың 7-9%-да геморрагиялық белгiлер байқалмайды. Сол себептен аурудың клиникалық көрiнiстерi 2 түрлi клиникалық вариантпен өтуi мүмкiн. Олар: геморрагиялық белгiлерсiз ( жеңiл, орташа түрде), келесі түрі геморрагиялық белгiлермен (жеңiл, орташа, ауыр түрде).
– Одан айығу үшін арнайы әдістәсілдер қолданыла ма?
– ҚҚГҚ емдеудің арнайы противовирусты препараты бар. рибавиринмен ем ауру басталған күннен бастап алғашқы 5 күнде (ең жоғарғы вирустық жүктеме кезеңі) неғұрлым тиімді болады. Препаратты алғаш қабылдау бір рет 2000 мгды (10 капсула) құрайды, кейін 4 күн бойына әр 6 сағат сайын 1000 мг, содан соң 5 күн бойына әрбір 6 сағат сайын 500 мгнан. Емнің ұзақтығы – 10 тәуліктен көп емес. Препаратты алып тастаудың критерийлері клиникалық көріністіңің регрессиясы, зертханалық көрсеткіштердің және температуралық реакцияның қалыпты мәндері болып табылады. Вирусқа қарсы терапиямен бір уақытта, мүмкіндігінше ерте мерзімінде 100-300 мл (1-2 емдік мөлшер) иммундалған қан плазмасының реконвалесценттері енгізіледі. Ең маңыздысы – ерте диагностика және мамандардың бақылауы. Сондай-ақ науқас инфекциялық бөлімде оқшауланып, арнайы күтім көрсетуі керек.
– Аурудан қорғану үшін қандай п р о ф и л а к т и к а л ы қ ш а р а л а р д ы ұсынасыз?
– ҚҚГҚ-ның алдын алу үшін ең тиімді шаралар – кенелерден қорғану және жануарларды тексеру. Кене шағуынан сақтану үшін қорғаныс киімдерін кию, инсектицидтерді пайдалану және кенені анықтап, уақытында алып тастау қажет. Сондай-ақ малдарды бақылау және олардың денсаулығын тексеріп отыру өте маңызды. Қой қырқымда кенелерді жалаң қолмен ұстамау, кенені сығып, мыжып өлтірмеу маңызды.
– Қазақстандағы ахуал қалай? ҚҚГҚ жиі кездесетін аймақтар бар ма?
– Қазақстанда ҚҚГҚ негізінен оңтүстік және шығыс аймақтарда кездеседі. Мал шаруашылығы дамыған өңірлерде бұл аурудың таралу қаупі жоғары. Кене мен жануарлар арқылы инфекция тарайтындықтан, осы аймақтарда жұмыс істейтін адамдар мен ауыл тұрғындары ерекше назарда болуы тиіс. Республика аумағында жыл сайын адамдардың КҚГҚ-мен аурулы тіркеліп отырады. Елімізде Шымкент және Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары КҚГҚ бойынша эндемиялық (қолайсыз) аумақ болып есептеледі.
– ҚҚГҚ-ның таралуын болдырмау үшін қандай алдын алу шаралары қабылдануы керек? – Сұрағыңыз орынды. Бұл инфекцияның таралуын болдырмау үшін көпжақты алдын алу шаралары қажет. Біріншіден, халықты кене тию қаупі туралы ақпараттандыру қажет. Әсіресе, ауылдық жерлерде, мал шаруашылығымен айналысатын адамдар арасында ақпаратты тарату өте маңызды. Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары инфекциялық бақылауды күшейтуі керек.
– Топшылай келе, вирус таралатын аймақтарда өмір сүретін және жұмыс істейтін адамдар сақтық шараларын ұстанып, дәрігерлердің кеңестеріне құлақ асуы керек. Ауруды толықтай емдеудің мүмкіндігі болмағанымен, симптоматикалық емдеу мен уақытында медициналық көмек көрсету өмірді сақтап қалуға мүмкіндік береді. Айгерім Айтжанқызы, тұщымды жауаптарыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Сұлушаш МАДИЯРОВА