15 НАУРЫЗ: ТАҢДАУ ТАРАЗЫҒА ТҮСЕР КҮН
Қазақстан азаматы ретінде мен бұл референдумды қоғамның саяси мәдениетін, азаматтық белсенділігін және мемлекеттік институттарға деген сенімін айқындайтын маңызды қадам деп бағалаймын. Біз тарихтан талай сын сағаттарды өткердік. Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде де ел тағдырын айқындаған шешімдер аз болған жоқ. Солардың бірі – бүкілхалықтық дауыс беру арқылы ортақ ұстаным қалыптастыру дәстүрі.
Референдум – бұл тек құқықтық рәсім емес. Бұл – халық пен биліктің арасындағы ашық диалогтың көрінісі. Қандай мәселе қаралса да, оны терең түсініп, жан-жақты саралап барып шешім қабылдауымыз қажет. Эмоцияға емес, парасатқа сүйенген ұстаным ғана елді алға бастырады.
Бүгінгі таңда бізге ең керегі – бірлік пен жауапкершілік. Әртүрлі пікірдің болуы – демократиялық қоғамның белгісі. Алайда сол пікір алуандығы ортақ мүддеге қызмет етуі тиіс. Біз болашақ ұрпақ алдында өз таңдауымыз үшін жауап беретінімізді ұмытпауымыз керек. Сондықтан барша азаматты алдағы референдумға бейжай қарамай, белсенді қатысуға шақырамын. Бұл – біздің ортақ үйіміздің ертеңі үшін жасалатын қадам. Таңдауымыз салмақты, ниетіміз таза, ұстанымымыз берік болсын!
Қабілеш Бекішев,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы








