Конституциялық референдумның маңыздылығы!
«Бүгінгі конституциялық референдум тек бір аудан немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн деп ойлаймын. Өйткені қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күрделі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден гөрі іске баса назар аударып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдаған болатын.
Міне, соның айғағы ретінде мен сайлаушылардың белсенділігін көрдім, іс жүзінде үгіт-насихат кезеңі мен жалпы үрдіс кезінде әлеуметтік желілерде референдумға қолдау көрсетіп, халықтың келіп дауыс беруге деген құштарлығын байқадық.
Бүгін таңнан бері сайлау учаскелерінің халықты белсенді түрде қабылдап жатқаны қуантады.
#Референдум2022
Жұмбеков Дәулет Егембергенұлы Шиелі ауданының құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты, «Ақмая» шаруақожалығының төрағасы.