ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ
Жақында Шиелі ауданында Б.Қабылұлы атындағы аудандық мәдениет үйінде 5 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне арналған салтанатты шара өтті. Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысушыларды айтулы мерекемен құттықтап, бұл салада еңбек ететін азаматтардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. «Бұл атаулы күн – демократиялық құндылықтарды дәріптейтін, азаматтардың саяси белсенділігі мен құқықтық мәдениетінің маңызын айқындайтын ерекше мерекеге айналды. Жыл өткен сайын бұл күннің мәні мен маңызы арта түсуде. Себебі қоғамда дауыс берудің құндылықтары жоғары бағаланып, әрбір азамат сайлауға қатысуды ел тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтық жауапкершілік деп түсінеді. Сайлау – халық пен биліктің арасындағы сенім көпірі. Ол – әділдікке, ашықтыққа және заң үстемдігіне негізделген мемлекеттік басқарудың берік тірегі екені даусыз. Бұл ретте сайлау мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және дауыс беруге деген белсенді шақыру – баршамызға ортақ міндет»– деді аудан басшысы. Салтанатты жиында Қызылорда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Болат Накипов қатысты. Жауапты салады адал еңбек етіп, өз қызметіне жауапкершілікпен қараған бірқатар қызметкерлер Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың алғыс хаттарымен және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі





