5 ақпанда ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 5 ақпанда Қазақстанның 15 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райына байланысты ескерту жариялады. Сондай-ақ бүгін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады, деп хабарлайды Egemen.kz. Астанада түстен кейін жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Тұман түседі. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысы мен орталығында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, Жарма ауданында екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с.
Ақтөбе облысында ауа температурасы күрт төмендеп, түнде және күндіз 7-12°, батысы мен солтүстігінде 15-20° аяз болады. Оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, тұман және күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында кей уақытта тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. Алматы қаласында тұман күтіледі.
Атырау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында кей уақытта тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді.
Жетісу облысында 5-6 ақпанда облыстың солтүстігі, орталығы және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Алакөл маңында жел шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі.
Қарағанды облысында таңертең және күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болады. Батыс, солтүстік және оңтүстік аймақтарда тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан және оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында қар жауады, оңтүстігі мен шығысында кейде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күшті болады. Бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында күндіз облыстың орталығында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Батысы мен орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын, солтүстігі мен орталығында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, солтүстігі және орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ болады.
Күндіз де қар жауып, бұрқасын сақталады. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, солтүстігі және таулы аймақтарында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, тау асуларында екпіні 23-28 м/с.
Ұлытау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр мен қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз де жауын-шашын жалғасады. Тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.
Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
Сондай-ақ бүгін Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, бұл адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мұндай кезде ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластаушы көздерге жақын жерлерде жүруге болмайды. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады.
Өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі тиіс.
Ашық ауада физикалық жүктемені шектеп, спортпен жабық спорт кешендерінде айналысу ұсынылады.





