Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Боран, тұман, көктайғақ: Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Боран, тұман, көктайғақ: Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Боран, тұман, көктайғақ: Астана мен еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 20 қаңтарда Астана мен еліміздің 17 өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болатынын болжайды, деп хабарлайды Egemen.kz. Түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз қар бұрқасындатып, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түсіп, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда күндіз жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Астанада күндіз және түнде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда да көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысында көктайғақ болып, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с. Ақтөбеде де көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты қар жауады деп күтіледі. Бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Жезқазғанда бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі.
Абай облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
19 қаңтар 2025 ж. 90 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9272)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (9271)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (9270)

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031