Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Бүгін ауа райы қандай болады

Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Бүгін ауа райы қандай болады

Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Бүгін ауа райы қандай болады«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, бүгін, 8 қарашада еліміздің барлық дерлік өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады. Кей облыста тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz. Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ұлытау облысында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/c болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 23 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Болжамға сәйкес, Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.
Астанада түнде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
«Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады. Батыстан соққан жел оңтүстікке ауысады, түнде облыстың орталығында, оңтүстігінде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақтөбе облысында көктайғақ болады», дейді мамандар.
Ал Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Алматыда түнде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, түнде екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Түркістан облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. Шымкентте түнде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, 23-28 м/с болады.
08 қараша 2024 ж. 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930