Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚҰРЫЛТАЙ

ҚАСИЕТ ҚОНҒАН ҚҰРЫЛТАЙ

Кеше Сыр елінде өткен Ұлттық Құрылтай – ел тарихындағы маңызы айрықша, тағылымы терең жиын болды деп сеніммен айтуға болады. Мемлекет басшысының сөйлеген сөзі ел дамуының жаңа кезеңіне аяқ басқанымызды айқын көрсетті.
Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстан құру жолындағы ортақ еңбектің нәтижесі бар екенін Президент нақты атап өтті. Бұл – барша қазақстандықтың бірлігі мен табанды еңбегінің жемісі.
Ұлттық Құрылтайдың ел болашағын айқындайтын маңызды алаңға айналуы – тарихи сабақтастықтың көрінісі. Келешекте Парламентке «Құрылтай» атауын беру туралы ұсыныс та ұлттық санаға серпін беретін, терең мағынасы бар бастама деп қабылдаймын. Бұл – халқымыздың дәстүрлі кеңес құру мәдениетін қазіргі заман талабымен ұштастырудың жарқын үлгісі.
Президенттің мәдениет пен өнерге қатысты айтқан ойлары да ерекше қуантады. Қоғам санасын жаңғыртпай, ауқымды реформалардың нәтижелі болмайтыны шындық. Осы тұрғыда театрлар салу, мәдениет ошақтарын жаңғырту, музей ісін дамыту жөніндегі бастамалар руханиятымызды жаңа деңгейге көтереді. Әсіресе Қызылордада алдағы уақытта салынатын драма театры мен заманауи кітапхана өңірдің мәдени өміріне тың серпін беретіні анық.
Алдағы міндеттер жеңіл емес. Мемлекет басшысы айтқандай, табысқа масаттануға да, қиындықтан жалтаруға да болмайды. Бірлігімізді бекемдеп, ел игілігі үшін жұмыла еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ұлттық Құрылтайда көтерілген бастамалар толық жүзеге асса, Қазақстанның рухани да, әлеуметтік-экономикалық та келбеті жаңа сапалық деңгейге көтеріледі деп сенемін.

Исабек СӘРСЕНБАЙҰЛЫ,
ҚР Журналистер одағының мүшесі
21 қаңтар 2026 ж. 29 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

№4 (9371)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (9370)

13 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031