Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылды

Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылды

Астанадан шығатын жолдар жабылды: Қатты аязға байланысты қозғалысқа шектеу қойылдыЕлордада ауа райының күрт суытуына байланысты қоғамдық және дизельді көліктерге қала сыртына шығуына тыйым салынады, деп хабарлайды Egemen.kz. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше кешкі сағат 20:00-ден бастап елордадан барлық бағыттар бойынша көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл шара ауа температурасының -30°C-қа дейін төмендеуіне байланысты қабылданып отыр. Тыйым салу ережесі қоғамдық көліктер мен дизельді отынмен жүретін автокөліктерге қатысты.
Осыған орай, «City Transportation Systems» (CTS) көлік компаниясы қала маңына қатынайтын бірқатар маршруттың қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Атап айтқанда, № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329-шы бағыттағы автобустар жолға шықпайды. Еске салайық, кеше ауа райына байланысты Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыды.
15 қаңтар 2026 ж. 320 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930