Қоғамдық даму – мемлекет саясатының күретамыры
Қоғам үнсіз қалса, тоқырайды. Ал қоғам сөйлей алса, дамиды. 2025 жылы Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі дәл осы үнді естуге, сол үнге жауап беруге талпынды. Бұл жыл – қағаздағы жоспарлар емес, адамдар арасындағы байланыс күшейген, сенім мен жауапкершілік қатар жүрген кезең болды.Осы жылы Кенжехан Есенбаев басшылық жасайтын аудандық қоғамдық даму бөлімі ауданның қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтау, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылды нығайту, жастар саясатын жүзеге асыру, діни ахуалды тұрақтандыру және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бағытында кешенді жұмыстар атқарды.
СЕНІМ – ҚҰНДЫ РЕСУРС
Жыл бойы бөлім қызметі республикалық, облыстық және аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып, қаражат мақсатты әрі тиімді игерілді. Мемлекеттік мекеменің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету, әлеуметтік жобаларды іске асыру және ақпараттық саясатты жүзеге асыру негізгі басымдықтар болды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында діни-ағартушылық жұмыстарды жүргізу, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу, қоғамдық бірлік пен этносаралық келісімді нығайту, отбасылық құндылықтарды насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы әлеуметтік жобалар іске асырылды. Барлық жоба бойынша жоспарланған іс-шара орындалып, қаржы игерілді.
Қоғамдық тұрақтылық бір күнде қалыптаспайды. Ол – күн сайынғы түсіндіру, алдын алу, келісімге келу, кейде сабыр сақтау арқылы орнығатын күрделі процесс. Діни сауаттылықты арттыру, теріс идеологияның алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру – бәрі бір-бірінен бөлек емес, бір арнаға тоғысқан ортақ мақсатқа қызмет етті. Бұл жұмыстар мінберден емес, адамдардың ортасында жүргізілді.
АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ БАҚ-ПЕН ЖҰМЫС
Ақпарат кейде қоғамды бөледі, кейде біріктіреді. Шиеліде ол көпірге айналды. Мемлекеттік саясаттың мәні қарапайым тілмен жеткізіліп, аудан өміріндегі өзгерістер ашық айтылды. Газет беттері, әлеуметтік желілер, ресми парақшалар – барлығы қоғаммен байланыс орнатудың құралы болды. Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру мақсатында республикалық және өңірлік телеарналармен шарттар жасалып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдық-саяси ахуалы, мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар кеңінен насихатталуда. Жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында аудан өміріне қатысты материалдар тұрақты жарияланып отырды. Бұл жұмыстар халықты уақтылы әрі шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуге және оң қоғамдық пікір қалыптастыруға ықпал етті.

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУДЫ НАСИХАТТАУ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау бағытында арнайы медиа-жоспар бекітіліп, кент және ауылдық округтерде тұрғындардың қатысуымен кездесулер, түсіндіру шаралары өткізілген. Жолдау аясындағы негізгі басымдықтар мемлекеттік мекемелерде, еңбек ұжымдарында, қоғамдық ұйымдар мен жастар арасында кеңінен талқыланыпты. Қоғамдық пікір көшбасшыларының, ардагерлердің, мәслихат депутаттарының, жастар мен кәсіпкерлердің пікірлері жергілікті басылымдар мен әлеуметтік желілерде жарияланған.

БІРЛІК – ҰРАН ЕМЕС, ӨМІР САЛТЫ
Шиелі – бірлік туралы көп айтатын емес, бірлікпен өмір сүретін аудан. Түрлі этнос өкілі ортақ құндылықты бөлісіп, бір шаңырақ астында өмір сүрудің мәдениетін қалыптастырған. Ауданның жалпы халық саны 86 102 адам. Оның ішінде қазақтар – 82 816, басқа этностар – 3098. Ауданда 13 ұлт өкілі тұрады. Этносаралық келісім мен бейбітшілік сақтау үшін ақпараттық-түсіндіру тобы 186 шара ұйымдастырып, 6780 адамды қамтыды.

Кездесу, кеңес, ортақ жоба – мұның бәрі ресми шарадан гөрі адамдар арасындағы түсіністі күшейтетін алаңға айналды. Этносаралық қатынастар саласында тыныштықтың сақталуы – ең үлкен нәтиже.
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС – ТЫҢДАЙ БІЛУ МӘДЕНИЕТІ
Қоғамды басқару – бұйрық беру емес, тыңдай білу. 2025 жылы аудандық Қоғамдық кеңес дәл осы мәдениеттің үлгісін көрсетті. Әр саладағы өзекті мәселелер ашық талқыланып, сын да, ұсыныс та қатар айтылды. Бұл – келісу үшін емес, шешу үшін жиналатын алаң болды. Кеңес жұмысы барысында бюджет, ауыл шаруашылығы, білім, құрылыс, инфрақұрылым, қоғамдық қауіпсіздік, санитарлық тазалық және абаттандыру мәселелері талқыланып, тиісті ұсынымдар беріліпті. Қоғамдық кеңестің қызметі БАҚ пен әлеуметтік желілерде тұрақты түрде жарияланып, билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті.

ДІН – САУАТПЕН ҰШТАСҚАНДА ҒАНА ҚАУІПСІЗ
Діни ахуал – қоғамның ішкі температурасын көрсететін көрсеткіш. Шиеліде бұл температура тұрақты болды. Ауданда радикалды діни ағымдардың таралуына жол бермеу үшін 12 адрестік кездесу өткен. Ақпараттық-түсіндіру топтарының жүйелі жұмысы, адрестік кездесулер, алдын алу шаралары радикалды көзқарастардың жолын кесті. Мұнда басты құрал – тыйым емес, түсіндіру, басты әдіс – әңгіме болды.

ЖАСТАР САЯСАТЫ
Шиелі жастары 2025 жылы көрермен болған жоқ. Олар қатысушы, бастамашы, ерікті болды. Патриоттық шаралар, мәдени және спорттық жобалар жастардың өзін табуына мүмкіндік берді.

Жыл ішінде 127 шара, мәдени іс-шараның 38-і, құқықбұзушылықтың алдын алуға қатысты 28, кеңес беру акцияларына орай 34 шара ұйымдастырылып, 1945 жас қамтылған. Жастар ресурстық орталығы арқылы 197 жасқа кеңес беріліп, олардың әлеуметтік, психологиялық және құқықтық мәселелері де шешілген.
Жастар ресурстық орталығы кеңес беретін ғана орын емес, бағыт көрсететін, қолдайтын, сенім артатын кеңістікке айналды. Әсіресе әлеуметтік тұрғыда қолдауды қажет ететін жастармен жүргізілген жұмыстар қоғамның шетінде ешкім қалмауы тиіс екенін көрсетті.
ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІК
Құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында профилактикалық рейдтер, түсіндіру кездесулері өткізілген. Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген-ді. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында прокуратура, полиция және аудандық құрылымдармен бірлесіп 90-нан астам түнгі рейд ұйымдастырылып, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізілген. Әлеуметтік шиеленістердің алдын алу бағытында тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнатылып, шиеленіс ошақтары картасы жасалып, бақылауға да алыныпты.

ҚАМҚОРЛЫҚ – ҰЛЫ СӨЗ ЕМЕС, ҰСАҚ ІСТЕР
Қайырымдылық – ұранмен өлшенбейді. Ол үнсіз жасалған істермен бағаланады. Шиеліде әлеуметтік қолдау нақты адамдарға жетті. Бұл – бір реттік акция емес, адамға деген жауапкершіліктің көрінісі болды. Тұрғындармен кері байланыс үзілмей, әлеуметтік желілердегі пікірлер, алаңдаушылықтар дер кезінде назарға алынып, әлеуметтік шиеленістің алдын алу басты басымдықтардың бірі болды.

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс – есеп үшін емес, нәтиже үшін құрылды. Ортақ жобалар, бірлескен бастамалар арқылы азаматтық қоғамның рөлі күшейді. Бұл – мемлекеттің қоғамға сенім артқанының белгісі.
Қорытындылай келе, 2025 жыл аудандық қоғамдық даму бөлімі үшін мазмұнды да нәтижелі жыл болды. Қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындардың сенімін нығайту және азаматтық белсенділікті арттыру жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Қоғаммен бірге қадам басқан даму – Шиелінің басты бағыты.
Сұлушаш МАДИЯРОВА