Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықты жою және оның алдын алу

Жемқорлықты жою және оның алдын алу

Қазақстан сыбайластық, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында біршама кешенді шаралар ұйымдастыруда, атап айтқанда мемлекеттік қызметке кіріскен қызметкер заңға сәйкес өзінің лауазымын пайда табу мақсатында қолданбау үшін бірқатар шектеулер қабылдайды, өзінің табысы туралы салық органдарына уақтылы декларация тапсырып тұруы бақылауда болады, мемлекеттік қызмет саласында сыбайластықтың алдын алу шаралары қатарында ант берудің мәні өте зор. Мемлекеттік қызметкердің арасында сыбайлас жемқорлықтың көп тараған түрі, қызмет орнын пайдалану арқылы пара алу, лауазымдық шенін теріс пайдалану және қызмет дәрежесін асыра пайдалану болып табылады. Осындай жайттарды болдырмаудың алдын - алу үшін жұмыла жұмыс жасауымыз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірігіп жұмыс атқарылса, сыбайластықтың ауылы алыстар еді.

Г.Қыдырбайқызы,
Шиелі ауданы бойынша
МКБ бас маманы.
06 маусым 2018 ж. 810 0