Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары жалғасуда

Теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары жалғасуда

2025 жылдың мамыр айында Шиелі кентіндегі теміржол вокзалын жөндеу жұмыстары басталды. Бұл ірі жобаны орындау үшін мердігер мекеме ретінде «Дәнекер» ЖШС таңдалды. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Жобаның сметалық құны 900 миллион теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарының мақсаты – вокзалдың инфрақұрылымын жаңарту арқылы сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыру, тұрғындар мен жолаушылардың қолайлылығын қамтамасыз ету.
Тарихы 1904 жылдан бастау алатын теміржол вокзалына соңғы рет 2012 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.
Өткен жылы аудан әкімдігі тарапынан вокзал маңында бірқатар абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жолаушылар платформасына кіреберіс қақпа орнатылып, су мұнарасы жөнделді. Сонымен қатар, 8 жарық шам, 10 орындық пен 10 қоқыс жәшігі қойылған.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930