Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Спорт кешені қызметіне кірісті

Спорт кешені қызметіне кірісті

«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен бөлінген 363 млн теңге көлеміндегі қаржыға Шиелі кентінде ­заманауи спорт кешені салынды және пайдалануға берілді.
Жаңа спорт кешені ­аудан тұрғындарының спортпен шұғылдануына, салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік береді. Мұнда түрлі спорт түрлерін дамытуға арналған жаттығу залдары мен құрал-жабдықтар қарастырылған.
Бұл нысан жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, спорттық жетістіктерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, кешен ауданның спорттық инфрақұрылымын нығайтып, республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге де жағдай жасайды.
Жалпы, спорт кешенінің ашылуы – Шиелі ауданының әлеуметтік-мәдени дамуындағы маңызды әрі қуанышты оқиға.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№9 (9376)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728