Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Көгілдір отынға» қосылған ауылдар саны артты

«Көгілдір отынға» қосылған ауылдар саны артты

Аудан тұрғындары үшін инфрақұрылымды дамыту, соның ішінде табиғи газға қосылу – тұрмысты жеңілдететін маңызды қадамдардың бірі. Жыл басынан бері аудандағы №21 бекет, №22 бекет және Жансейіт елді мекендері көгілдір отынға қосылып, тұрғындар отын жарып, күл шығарудан құтылды.
Қазіргі таңда жалпы аудан ­бойынша 16 елді мекен көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Бұл – экологиялық жағынан да, тұрмыстық жайлылық тұрғысынан да үлкен жетістік. Тұрғындар үшін бұл – қауіпсіздік пен үнемнің кепілі.
Аудан басшылығының айтуынша, алдағы уақытта газдандыру жұмыстары жалғасып, тағы бірнеше елді мекен кезең-кезеңімен қосылады деп жоспарланған.
«Көгілдір отын – ауыл тіршілігінің жаңа тынысы», – дейді ауыл тұрғындары. Осылайша, аудан халқы өркениетті өмірге бір қадам жақындап келеді.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

№49 (9416)

30 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031