Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқушылар мен өнерлі жастарға арналған заманауи нысан

Оқушылар мен өнерлі жастарға арналған заманауи нысан

Жаңа оқу жылы білім саласы үшін де жағымды жаңалықпен басталды. Аудан орталығында 200 орындық заманауи «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» пайдалануға берілді. Бұл – жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін дамытып, уақытын тиімді өткізуіне зор мүмкіндік сыйлайтын маңызды ғимарат.
Жалпы құны 1 млрд 68 млн теңге болатын қос білім ордасы заман талабына сай жабдықталған. Атап айтқанда, жаңа «Оқушылар үйінде» 28, ал «Өнер мектебінде» 8 бағыт бойынша үйірме жұмыс істейді. Балалар техникалық, шығармашылық, ғылыми және өнер салаларында білім алып, қабілеттерін дамыта алады.
Бұл – білім беру мен тәрбие ісін тек мектеппен шектемей, жан-жақты тұлға қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан игі істердің көрінісі. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы олардың таным көкжиегін кеңейтіп, зиянды әдеттерден аулақ болуына да сеп болары сөзсіз.
«Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» – Шиелідегі рухани һәм шығармашылық өмірге серпін беретін үлкен қадам. Бұл бастама – аудан жастарына жасалған ­инвестиция, ел ертеңіне сенімділік.

Гүлхан ЯХИЯ
22 желтоқсан 2025 ж. 107 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9394)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (9393)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (9392)

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930