Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҒЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ БІР КҮНДЕ ҮШ НАУҚАСҚА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

АЙМАҒЫМЫЗДА АЛҒАШ РЕТ БІР КҮНДЕ ҮШ НАУҚАСҚА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Көпбейінді облыстық ауруханада бір күнде үш науқасқа жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті өтті.
Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді.
Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалып, донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.
Ал үшінші пациент – 43 жастағы әйел, донор болған оның жұбайы.
Трансплантацияны көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD,
Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының трансплантологтары Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.
Қазір науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдауда.
Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 рет бауыр алмастыру отасы сәтті аяқталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
18 желтоқсан 2025 ж. 44 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031