Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салынды

Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салынды

Зейнетақы жинағымен пластикалық ота жасауға тыйым салындыОтбасы банк ел азаматтарының зейнетақы жинақтарын делдалдар арқылы шығарып жүргеніне алаңдаулы екенін білдірді. Банк сонымен қатар, пластикалық операцияларға зейнетақыдан артылған қаржыны пайдалану бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz банктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта пластикалық операцияларға біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану жөніндегі 6294 өтінім қаралып жатыр. Олар белгіленген тәртіппен өңделеді.

Неліктен зейнетақы қаржысын пайдалану тоқтатылды?

Елімізде тіс пен көзді емдеуге зейнетақының белгіленген шектен асқан қаржысын пайдалануға тыйым салынған еді. Нәтижесінде пластикалық ота жасатқысы келетін азаматтардан келген өтініш саны көбейген, яғни, өтініштің күрт өсуіне байланысты ел азаматтары зейнетақы жинақтарының артығын енді пластикалық отаға да жұмсай алмайды. Қыркүйекте өтініш саны 123-ке, қазанда – 1844-ке, ал қарашада – 3878-ге дейін өсті.
Желтоқсанның алғашқы сегіз күнінде, офтальмологияға өтінім қабылдау тоқтатылған кезде, қазақстандықтар пластикалық операцияларға 2093 өтінім берген. Бұл – орташа айлық деңгейден 130 есе жоғары көрсеткіш. Желтоқсандағы өтінімдердің жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрады.
«Иә, қазақстандықтар зейнетақы қаржысын пайдалана алады, бірақ тек белгілі бір мақсаттарға ғана. Алайда осының аясында азаматтардың қаржысы делдалдар көмегімен БЖЗҚ-дан жиі шығарылып жатыр. Дәл осы делдалдар халық есебінен орасан пайда тауып отыр. Отбасы банк үшін маңыздысы – зейнетақы қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, оның заңсыз баю құралына айналуына жол бермеу», деді Отбасы банк басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова.
Азаматтардың зейнетақы қаржысын өмірлік маңызды әрі қымбат ем түрлеріне пайдалану мүмкіндігі сақталады:
  • орфандық (сирек) ауруларды емдеу;
  • радионуклидтік және радиойодтерапия;
  • радиохирургиялық емдеу;
  • протондық терапия.
Айта кетейік, 9 желтоқсаннан бастап ел тұрғындары пластикалық ота жасауға зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана бастаған еді. 

12 желтоқсан 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031