Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТЕРРОРИЗМ – ӘЛЕМДІК ҚАСІРЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ТЕРРОРИЗМ – ӘЛЕМДІК ҚАСІРЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ


«Руханият» орталығының мәжіліс залында «Экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында «Терроризм-әлемдік қасірет» тақырыбында кездесу өткізілді.

Негізгі тақырып бойынша имандылық, терроризм мен экстремизмнің алдын-алу немесе күрес шаралары, интернет алаятықтың алдын алу, вандализм, терроризм мен экстремизм – қазіргі заманның ең қауіп-қатерлерінің бірі секілді мәселелердің төңірегінде сөз қозғалды.

Сондай-ақ, жастарды имандылыққа тәрбиелеп, жастардың бойында діни сауаттылықты қалыптастыру - білім беру саласындағы маңызды мәселелердің бірі. Терроризм мен экстремизм – қазіргі заманның ең қауіп-қатерлерінің бірі. Олар қоғамның тұрақтылығын бұзып, бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіреді. Адамдар бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүргісі келеді. Мемлекеттің дамуы үшін тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділік қажеттігі туралы айтылды.

Кездесуге Шиелі аудандық орталық «Оқшы Ата» мешітінің наиб имамы Құдайбергенов Ерасыл Мұхаммедиярұлы, аудандық мәслихат депутаты, «Арман» мәдениет үйінің директоры Шалекеева Нұргүл Тәңірбергенқызы, Шиелі аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің экстремизге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Дербісалин Нұрдаулет Бағдаулетұлы және мәдениет саласының қызметкерлері мен жастар өкілдері қатысты.

Көтерілген мәселелерге байланысты жиынға қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, спикерлерден дәйекті жауаптар ала алды.
13 қараша 2025 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9353)

11 қараша 2025 ж.

№85 (9352)

10 қараша 2025 ж.

№84 (9351)

04 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930