Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕН «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІНДЕ ШИЕЛІ АСПАНЫ ӘНГЕ БӨЛЕНДІ!

РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕН «АЛТЫН КҮЗ – 2025» МЕРЕКЕСІНДЕ ШИЕЛІ АСПАНЫ ӘНГЕ БӨЛЕНДІ!

Бүгін Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орталық стадионда бірлік пен Тәуелсіздіктің нышаны – Республика күні және ырыс пен берекенің бастауы саналатын «Алтын күз – 2025» мерекесіне орай гала-концерт өтті. Мерекелік шараның шымылдығы салтанатты атмосферада ашылып, стадион аумағы түрлі түсті жарықтармен безендіріліп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кештің тізгінін көпшілікке танымал жүргізуші Ғалымжан Кеңшілік ұстады. Танымал тележүргізуші көрерменмен жылы байланыс орнатып, кешті көркем сөзбен әрлеп жүргізді. Гала-концерт барысында қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары сахна төрінде өз өнерлерін паш етіп, көрермендерді әсем әнге бөледі. Кештің көркін еліміздің белгілі әншілері – Алтынай Жорабаева, Әбдіжаппар Әлқожа, Кеңес Әлімжан, сондай-ақ жастардың сүйіктісіне айналған Баян Сұлу қыздырды. Танымал өнер иелері өздерінің әсерлі әндерімен көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, сахнаның шырайын келтірді. Әншілердің орындауындағы әуендер тыңдарман көңілінен ерекше орын алды. Мерекелік концерт барысында аудан тұрғындары мен қонақтар бірлік пен тәуелсіздіктің қадірін сезініп, туған жерге деген сүйіспеншілігін тағы бір мәрте паш етті. Кеш соңында аспанды түрлі түсті отшашулар жарқыратып, мерекенің әсерін еселей түсті. Стадионды толтырған халық шат-шадыман көңіл күймен тарқасып, қуаныш пен рухани ләззатқа бөленді.

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қазан 2025 ж. 23 0