ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА САҚАДАЙ САЙ

Оның айтуынша, 2025-2026 жылғы жылыту маусымы қарсаңында тұрғын үйлерде өрт пен газдан уланудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, табиғи газбен жылытылатын 60 үйге арнайы газ датчиктері орнатылған. Бұл – тұрмысы төмен, көпбалалы, жалғызбасты ана, мүмкіндігі шектеулі жандар тұратын отбасылардың үйлері. – Мұндағы тізім облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан алынған деректер негізінде нақтыланды. Қазірдің өзінде қауіптің алдын алу бағытындағы алғашқы қадамдар жүзеге асырылды, – деді Е.Райымбеков. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап аудан тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру жұмыстары басталған. ТЖБ қызметкерлері ауылдық округтерді аралап, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын егжей-тегжей түсіндіріп жүр. – Әрбір отбасы қауіпсіздік ережелерін білуі және сақтауы керек. Себебі қайғылы жағдайлардың көбі – қарапайым ережелердің ескерілмеуінен туындайды. Біз үшін әр тұрғынның өмірі мен амандығы – басты басымдық, – деді брифинг барысында бөлім басшысы. Жиын соңында БАҚ өкілдері сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды. Мамандар қыс маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек құтқарушылардың емес, әр тұрғынның ортақ міндеті екенін еске салды.
Айнұр ИБРАШЕВА