Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдана Меденованың сұлулығына қызыққан кореялықтар оны алпауыт компанияның моделі етіп бекітті

Айдана Меденованың сұлулығына қызыққан кореялықтар оны алпауыт компанияның моделі етіп бекітті


Айдана Меденова Кореядағы танымал компаниялардың бірімен келісімшартқа отырды. Бұдан былай аталмыш мемлекеттің тауарларын қазақ қызы жарнамалайтын болыпты. Күні кеше Сеулдегі сапардан оралған Айдана, Stan.kz ақпараттың агентігінің тілшісін сұхбат берген болатын.

Ал, әнші бикештің бағын ашқан «Face of Asia» атты сұлулық шарасы екен.
«Біз 1-мамыр күні Сеул қаласына «Face of Asia» деген үлкен фестивальге бардық. Сол жерге мен Қазақстанның атынан ұсыныс алғанмын. Сіз фестивальге сай келесіз деп, мені жылдың басында шақырған еді. Мені сахнада марапаттап, мүсінше табыстады. Ол жерде бүкіл Азия мемлекеттері қатысады. Ол жерде тек қана әншілер емес, неше түрлі дизайнерлер, әйгілі актерлер қатысады. Қазақстаннан бір модель, бір дизайнер және мен бардым. Сондай үлкен жоба», – дейді Айдана Меденова.
«Face of Asia» фестивалі Айданаға сәттілік әкелген. Сұлулығымен көзге түскен Меденоваға жергілікті компанияның өкілдері бірігіп жұмыс істеу жайлы ұсыныстарын білдіріпті.
Айдана Меденова
«Сол сұлулық фестиваліне үлкен компаниялар қатысады. Сұлулық индустриясы, косметология жағынан, фэшн жағынан неше түрлі ұжымдар қатысады. Сол жерде маған бір үлкен компания көңіл аударып, олар менімен амбассадор ретінде жұмыс істегісі келді. Ұсынысқа сол жерде келісімімді бердім. Осы тағы барып келдім. Бұл жолы түсірілімге қатысып, келісімшартқа қол қойып, ресми түрде сол компанияның Кореядағы келбеті ретінде, моделі ретінде жұмыс жасауға өз келісімімді бердім», – дейді Айдана.
Айдана бұл ұсынысты бірден қабылдап, таяуда екі жақты ресми құжатқа қол қойған. Өйткені, Азияға танылу қазақ қызының бала күнгі армандарының бірі екен.
Айдана Меденова
«Менің 10 жасымнан бастап Корея мемлекетіне деген қызығушылығым болды. Кореяның шоу-бизнесі де, сұлулық жағы да маған қатты ұнады. Сондықтан ұсынысқа мен қуана-қуана өзімнің келісімімді бердім. Барлық қаражатты өздеріне көтеріп алды. Кореяда көбінесе жарнаманы әртістермен жасайды. Ол жағы өте дамыған. Әртістер көбінесе концерттен емес, жарнамадан табыс табады. Менің суреттерім билбордтартар, неше түрлі буклеттер де көрсетіледі. Бұл менің келбетімді танытуға үлкен мүмкіндік», – дейді Меденова.
Корейліктердің қойған талаптарына сай келген сұлу, 2018 жылы аталмыш елге жиі барып тұрады. Қос тараптың келісімшарты бір жылға дейін жарамды екен. Соңғы он бес күнді Сеулде өткізген Меденова, туған жері мен балаларын қатты сағынғанын айтады. Жұбайымен іс-сапарға аттаған Айдана қызы мен ұлын да Қазақстанға қалдырып кетіпті.
«Қазақстанды сағынып тұрады екенсің. Осы жолы екі аптаға бардым. Мен үшін үлкен уақыт екен. Екі жұмаға ешқайда шығып көрмеппін. Екі баламды бірге алып жүруге мүмкіншілік болған жоқ. Қиын болды. Енді балаларымды тастап, екі аптаға ешқайда бармайтын шығармын», – дейді Айдана.
Stan.kz
04 маусым 2018 ж. 1 878 0