ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мөлдір Сұлтанбекқызы 1978 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында «Халықаралық экономикалық қатынастар», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Құқықтану», Алматы менеджмент университетінде «Іскерлік әкімшілік» мамандықтары бойынша білім алған.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі. Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Калифорния университетінің «Халықаралық мемлекеттік саясат және басқару» магистрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зерттеушісі болып бастаған. Әр жылдары Қызылорда инженерлік-экономикалық институтында ассистент, оқытушы, «Дабл Холдинг.Инк» корпорациясының сатып алу және есепке алу координаторы, Қазақ гуманитарлық заң колледжінің оқытушысы, қалалық мәдени-демалыс паркінің директоры, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімі аппаратында түрлі басшылық лауазымдарда болған. 2023 жылдан осы кезге дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарып келді.
Облыс әкімі жаңа басшыға маңызды міндеттер жүктеді. Атап айтқанда, өңірге инвестиция тартудың тиісті шараларын қабылдау, индустриялық аймақтардың тиімділігін арттыруда шағын өнеркәсіптік парктер құру, кәсіпкерлік субъектілерінің санын, жұмыс күшін, өндірілген өнім көлемін ұлғайту бағытындағы жұмыстарды жоғары деңгейде атқаруды тапсырды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі