Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ЖАҢА МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жаңа міндеттерді айқындап берді. Ол өз сөзінде бұл салаға соңғы жылдары бұрын соңды болмаған қолдау көрсетілгенін, шаруаларды қолдауға бір триллион теңге бөлінгенін атап өтті. Дегенмен, агроөнеркәсіптің әлеуетін толық ашу үшін оны тиімді пайдалану қажет екенін де ескеру керек және бұл тек үкімет тарапынан ғана жүргізілетін жұмыс емес, оған бәріміз де атсалысуымыз керек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Өмірзақов айтты.
– Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ерекше маңызы бар бірнеше мәселелер қозғалды. Менің ерекше назарым үшінші мәселеге, яғни, ауыл шаруалышығын жаңа деңгейге көтеру жайына ауды. Президент бұл салада нақты қадамдар мен шешімдерді атап өтті. Қазақстан – үлкен мемлекет, тарихи-климаттық ерекшелігі де айрықша. Сондықтан біздің өңірге қатысты айтылған мәселелер де өзекті болды. Әсіресе, су шаруашылығы мен агрохаб құру жайы. «Су – тіршілік көзі» деп аталарымыз бекер айтпаған. Соңғы жылдары аймағымызда су тапшылығы қатты сезіліп отыр. Жолдауда осы мәселені шешу үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану арқылы табиғи ресурстарды тиімді басқару қажеттігі атап өтілді. Жалпы бұл айтылған мәселенің бәрі тек мемлекеттік қолдаумен ғана шектелмейді. Бәріміз бірлесе жұмыс жасасақ ғана қазіргі замандағы күрделі мәселелерге төтеп бере аламыз. Агрохабтарды құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу арқылы өңір экономикасын бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік бар. Бұл бағытта тиісті жұмыстар да жасалып жатыр, - Серікбай Ыдырысұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
11 қыркүйек 2025 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930