Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » КҮЗ МЕЗГІЛІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ АУА РАЙЫ ТҰРАҚТЫ

КҮЗ МЕЗГІЛІНДЕ ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ АУА РАЙЫ ТҰРАҚТЫ

Күз басталғалы Қызылорда облысында ауа райы тұрақты болып тұр. Қыркүйекте орташа температура +18...+20°С аралығында. Жауын-шашын өте аз - бар болғаны 2-4 мм ғана. Ай бойы шаңды дауыл жиі соғып, жел кей күндері 15-20 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында “Қазгидромет” РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының Метеоболжау бөлімінің басшысы Айгерім Жөкелова мәлімдеді.
"12 қыркүйекте Қызылорда қаласында күн ашық-бұлтты, жауын-шашынсыз өтеді. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетіп, ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +25...+27°С шамасында болады.
Күздің алдағы айларында да ауа райы қатты өзгермейді. Қазанда облыстың батысында ауа райы қалыпты болса, шығыс бөлігінде сәл жылырақ болады деп күтіледі. Орташа температура +9...+11°С, жауын-шашын шамамен қалыпты мөлшерде түседі. Қараша айында күн салқындайды, дегенмен ауа райы әдеттегіден сәл жылы болады. Бұл кезде жауын-шашын азаяды, тек Арал маңында ғана қалыпты деңгейде сақталуы мүмкін", - деді Айгерім Болатбекқызы.
Жалпы, күз мезгілінде Қызылорда өңірінде жауын-шашын көп болмайды, бірақ шаңды дауылдар мен қатты желдер жиі қайталанып тұрады.
11 қыркүйек 2025 ж. 194 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

№61 (9428).

15 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31