Мәслихаттар сайлауы
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "НЕВАДА-СЕМЕЙ" ҚОЗҒАЛЫСЫНА 36 ЖЫЛ

"НЕВАДА-СЕМЕЙ" ҚОЗҒАЛЫСЫНА 36 ЖЫЛ

Шиелі ауданы әкімдігінің қолдауымен қоғамдық даму бөлімінің тапсырысы аясында "Қазалы-Жомарт" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 29 тамыз күні «Невада-Семей» қозғалысының зардабын жоюға қатысып, құрбан болған азаматтарды еске алу мақсатында Шиелі кентіндегі Көкшоқы мөлтек ауданында орналасқан “Тағзым алаңында” гүл қою рәсімі өтті.
Шараға Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов, «Невада-Семей» қозғалысының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, білім беру мекемелерінің өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналған қауым «Невада-Семей» қозғалысының зардаптарынан құрбан болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
«Невада-Семей» қозғалысының ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, қаза тапқан жерлестеріміздің рухына құран бағышталды.
Қазақстанның қуат қорғаны - бірлігінде. Сыр елінің бірлігі, тіршілік тірлігі отан қуатына арналады. Еліміз тыныш болсын, тек бейбіт күнмен тыныстасын!
29 тамыз 2025 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9453).

14 қараша 2026 ж.

№85 (9452)

10 қараша 2026 ж.

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30