Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл шаруашылығы – ел байлығы: Ұлттық санақ басталды

Ауыл шаруашылығы – ел байлығы: Ұлттық санақ басталды

Таяуда Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті Шиелі ауданының статистика бөлімінің басшысы Алтынкүл Құрбанқызы брифинг өткізіп, ауыл шаруашылығы саласындағы ұлттық санақтың маңыздылығы мен өткізілу тәртібі туралы егжей-тегжейлі баяндады.
Брифинг барысында Алтынкүл Құрбанқызы санақтың негізгі кезеңі 1 тамыз бен 20 қазан аралығында өтетінін, оның екі кезеңге бөлінетінін атап өтті. Біріншісі – онлайн режимде 1-31 тамыз аралығында www.sanaq.gov.kz сайты арқылы, ал екіншісі – интервьюерлердің үй-жайларды аралап сауалнама жүргізуі, 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында жүзеге асатынын жеткізді.
– Бұл санақ еліміздің ауыл шаруашылығы саласы туралы нақты, толық мәліметтер жинап, аграрлық саясатты тиімді жүргізуге негіз болады. Сондықтан ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өз деректерін шынайы әрі уақытылы ұсынуы тиіс, – деді бөлім басшысы.
Сонымен қатар ол аудан көлемінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең көлемде жүргізіліп жатқанын айтты. Аймақта 23-ке жуық елді мекенде 31 ақпараттық билборд пен 2 LED экран орнатылып, ауыл тұрғындарына бейнежазбалар мен хабарламалар WhatsApp чаттары арқылы таратылуда. Сондай-ақ, арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» орындары ұйымдастырылып, интернетке қосылған компьютерлерде санаққа қатысу үшін қолайлы жағдай жасалған.
– www.sanaq.gov.kz сайтына электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кіріп, онлайн сауалнамаға қатысу өте ыңғайлы. Егер сұрақтарыңыз болса, виртуалды көмекші – sanaq-Myrza және 1446 байланыс орталығы тәулік бойы қызмет көрсетеді, – деп атап көрсетті Алтынкүл Қожамжарова.
Сондай-ақ жиын барысында интервьюер ретінде қатысқысы келетін азаматтардың 1446 нөмірі мен Telegram-ботқа өтініш қалдыру мүмкіндігі хабарланды.
Алтынкүл Құрбанқызы брифингті қорытындылай келе, барлық ауыл шаруашылығы саласындағы құрылымдарды және жеке шаруаларды санаққа саналы түрде қатысуға шақырды.
– Бұл санақ – жай статистика емес, ел экономикасының, аграрлық саланың дамуына бағытталған мемлекеттік маңызы бар ауқымды шара. Барлық қатысушылардың деректері құпия түрде сақталады және тек статистикалық мақсатта ғана пайдаланылады, – деді.

Айнұр ИБРАШЕВА
19 тамыз 2025 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№62 (9329)

19 тамыз 2025 ж.

№61 (9328)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (9327)

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031