Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады

Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағы басталады1 тамызда елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Ауқымды статистикалық шара барлық өңірді қамтып, өзекті деректердің маңызды көзіне айналады, деп жазады Egemen.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше санақ екі кезең бойынша өтеді: Бастапқы бірінші онлайн кезең – 1-31 тамыз аралығында: өсімдік және мал шаруашылығымен, балық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ үй шаруашылықтары қатысуы тиіс. Сауалнама sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Одан кейінгі екінші офлайн-кезең – 20 қыркүйек-20 қазан аралығында: интервьюерлер онлайн-сауалнамадан өтіп үлгермеген, бау-бақшасы бар немесе мал ұстайтын үйлерді аралайды.
«Біз барлық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, фермерлерге және ауыл тұрғындарына үндеу жолдаймыз. Ауыл шаруашылығы санағына қатысу – жай ғана рәсім емес, бұл еліміздің аграрлық саласының ертеңіне қосқан үлес. Тек толық әрі нақты деректер ғана мемлекеттік қолдауды дұрыс бағыттап, ауылдың инфрақұрылымын дамытуға және ауыл шаруашылығы мен азық-түлік саясатын тиімді жүргізуге мүмкіндік береді» деп атап өтті Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Санақта 2 млн жуық үй шаруашылығын және 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамту жоспарланған. Бүкіл ел бойынша сауалнама жүргізу үшін 3500-ден астам интервьюер тартылады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін ауылдық әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімдерінде интернетке қосылған өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары болады. Сондай-ақ азаматтар 1446 байланыс орталығына хабарласып кеңес ала алады.
 
01 шілде 2025 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031