Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіптің көзін тапсаң – нәсібің

Кәсіптің көзін тапсаң – нәсібің

Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Кемелұлының 2025 жылды «Жұмысшылар жылы» деп жариялауына байланысты аудан көлемінде жұмыссыздар саны азайып, жұмыспен қамтылғандар саны арта түсуде. Еңбекке етене араласып, кәсіби мамандығымен ауданымыздың экономикасы мен мәдениетінің дамуына өз үлесін қосып жүрген әйелдер саны қаншама?
Сондай жандардың бірі – елу жылдан аса тігін саласында еңбек етіп келе жатқан Дариха Өтепбергенова. Сонау кеңестік дәуірде ауданымыздағы іргелі өндіріс орны (быткомбинатында) бірнеше жыл еңбек етіп, кәсіби тігінші мамандығын игерген, онда бастауыш комсомол партия кәсіподақ ұйымдарының жетекшісі қызметін қоса атқарған қоғамның ілгері дамуына өзінің білімі мен біліктілігін аянбай жұмсаған. Тәуелсіздік жылдарынан бері 2000 жылдан бастап орталық Әбдіманап базарында өзінің тігін шеберханасында 4 тігіншісімен халықтың сұранысы бойынша тапсырыстар қабылдап, сапалы дүниелерді халыққа ұсынуда. Бұл шеберхана өнімдері тұрғындар көңілінен шығып, көптен көп сұранысқа, алғысқа ие болып келеді. «Кәсіптің көзін тапсақ, нәсібін молаяр» деген. Шеберхана шеберлерінің қызметіне аудан халқының ризашылығын таныдық.
Бүгінде зейнет жасындағы Дариха Бейсенқызы өзінен кейінгі сіңілілеріне ақылы мен тәжірбиесін жалықпай үйрету үстінде. Дариханың жетекшілігі аясында халыққа сапалы өнім өндіріп, табыстап келе жатқан шеберхана ұжымына еңбектеріңіз табысты да жемісті бола бергей, отбасыларыңға ынтымақ, береке, бірлік, ырыс ене берсін дейміз.
Шебердің шебері Дариха Бейсенқызы қай құрметке болса да лайықты.

Оразбек Жұмаділұлы
19 тамыз 2025 ж. 121 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031