
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, жер және құрылыс саласындағы кейбір мәселелерді реттеу үшін арнайы жұмысшы топ құрылды. Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 555құрылысы жүріп жатқан(Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 72, Қазалы ауданы – 65, Қармақшы ауданы – 35, Жалағаш ауданы – 29, Сырдария ауданы – 36, Шиелі ауданы – 72, Жаңақорған ауданы - 88)кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнімен 175нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы– 81, Арал – 13, Қазалы–6, Қармақшы -4, Сырдария – 5,Шиелі – 2, Жаңақорған – 64), ал 81нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелерінежалпы214хаттама толтырылып(Қызылорда қаласы – 33/81, Арал ауданы – 9/21, Қазалы ауданы – 10/30, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 5/14, Сырдария ауданы – 10/29, Шиелі ауданы – 5/14, Жаңақорған ауданы – 8/22), 86 579 960теңге айыппұл салынды.
Бұған қоса, Қызылорда қаласының 4 кәсіпкерлік нысаны бұздырылып, қазіргі таңда КБИ мөлтек ауданыңда заңсыз салынған пәтердің қосымша құрылысын бұздыруға соттын шешімі шықты. Сонымен қатар Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлерімен құрылыс процесстеріне қойылатын негізгі талаптар бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп түсіндірме парақшаларын таратуда.
Қызылорда облысының мемлекеттік
сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының
басқарма басшысының орынбасары
Әліп Мәди Раманқұлұлы