Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҚАЕВ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

ЖАҚАЕВ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

Елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы – биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялай келе: «Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз» деп атап өтті. Бұл – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін жасалған маңызды қадам. «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі». Бабадан қалған бұл нақыл бүгінде өз өміршеңдігін жойған жоқ. Еңбектену қашанда береке мен ризықтың бастауы. Ал адал кәсіп жасау – адам болмысының туған жер, өсіп-өнген өлкесіне деген азаматтық ұстанымын қалыптастырады. Қашанда елім деген азаматтың ертеңі жарқын, болашағы айқын. Мұны өмірдің өзі дәлелдеуде. Яғни, елінің үмітін, халқының сенімін арқалаған арда азамат қана тығырықтан тарықпай шығып, тындырымды тірлігімен биік белесті бағындырады. Шиелі топырағы таяқ тастасаң тал болатын құтты мекен. Ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтай Еңбек Ері, 10 ғасыр адамының бесеуі шыққан қасиетті қоныс. Әсіресе ауданның агро саласында толымды тірлік көп. Ел қамбасын еселеуді мақсат етіп, ырысын молайтпақ ниетте шаруа қожалықтар тынымсыз адал маңдай тер төгіп, бүгінде жемісін көруде. Сондай толымды тірлігімен, аядай ғана ауылдың атын мұқым елге мәлім қылған шаруа қожалықтың бірі – «Әшірбеков» шаруа қожалығы десек артық айтқандық емес. Бүгінде бұл шаруа қожалықтың күріші жайқалып, бау-бақшасы берекемен бердерленген. Қожалықта ілкімді істі еңбекпен игеріп отырған 20 адам жұмыс істейді. Олар бейнетін зейнетім деп түсініп, өз істеріне білек сыбана кіріскен. Жақаев ізбасарлары Сыр маржанының қыр-сырын жетік меңгерген. Мұнда әр адам дала академиясының түлегі іспетті. Барлығы дерлік тәжірибелі, жауапкершілігі мол мамандар. Олар аптап ыстыққа қарамастан егіннің жайын жақсарту үшін бел жазбай еңбектенуде. Әрқайсысының көкірегінде елге деген жанашырлық сезімі сайрап тұр. Дала төсінде алтын астыққа адалдық танытып, мол өнім алуы үшін бар күшжігерін салуда. Аталған шаруа қожалыққа атымтай жомарттығымен есімі елге белгілі болған, белгілі агроном Бағлан Әшірбеков төрағалық етеді. Ол қандай іске болсын қабілетті, өз мүддесінен халықтың мүддесін жоғары қояды, өзгені құрметтеп, сол арқылы өзін де сыйлата білетін еңбек адамы. Ол халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңірген, адамгершілігі мол, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, мансапқа мастанбай, халық үшін қиындықтан да жасқанбай, елдің келешегі үшін тынбай еңбек етіп келеді. Осы тұста еңбек озатының өмірдерегіне тоқталып өткенді жөн көрдік. Аядай ғана ауылдың үлкен жүректі жанашыры 1956 жылы 10 қыркүйекте Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылында дүниеге келген. 1984 жылы «Алматы ауыл шаруашылығы институтын «Агроном» мамандығы бойынша бітіріп шыққан. Алғашқы еңбек жолын 1976- 1985 жылдар аралығында Коммунизм колхозында күріш звеноводы болып бастаған. Мұнан соң 1985-1987 жылдар аралығында партия нұсқаушысы, 1987- 1996 жылдары осы Коммунизм колхозында бас агроном қызметін атқарады. Оның ұйымдастырушылық қабілеті мен қарымы, ой-өрісі мен іскерлігі, еңбекқорлығы мен талант-талабы қашаннан жоғары бағаланды. Қай істі болсын «ұршықша үйіріп» әкететін тындырымдылығы, тиянақтылығы мен ұқыптылығы өз алдына, жаңа заманға бейімделгіштігі мен ізденгіштігі де оның ел ортасындағы қадірін еселей түсердей. Сөйтіп 1978 жылғы жастар мен студенттердің Гаванада өткен 11-інші фестивалінің делегаты болды. Осы фестивальдің ашылуында Қазақстанның туын көтеріп қайтты. Бұл да бір үлкен мәртебе. Бүгінде осы мәліметті дәлелдейтін құжаттар Қызылорда облысы орталық мұражайында және Н.Бекежанов атындағы мұражайда осы күнге дейін сақталуда. Бағлан Әмреұлы даңқты диқан, ақ күріштің атасы, дала академигі Ыбырай Жақаев атамыздың күріш егу науқанында, жиналыста, ақыл-кеңестерін естіп, еңбек жолын жалғап келе жатқандығын мақтаныш етіп айтып отырады. Сондай-ақ 1979-1979 жылдары еңбек анасы, Шиелінің Құрметті азаматы болған, даңқты диқан Шырынкүл Қазанбаеваның жанында жүріп, қара жерге дәнді дақылды егу жұмысына атсалысқан. 2004 жылы «Әшірбеков» шаруа қожалығын құрып, 4 адам жұмыспен қамтылған. Техника болмай, біршама қтындықтарға кезіксе де мойымай, бүгінгідей жетістікке жеткен. Бұл халқымыздың «Еңбек – бәрін жеңбек» деген тәмісілінің нақты жүзеге асқанының көрінісі. – Біздің жұмыста таңмен таласа тұрып еңбек етуің шарт. Қазір жұмыстың қызған шағы. Әрбір істің берекелі болуы – еткен еңбекке, төккен терге байланысты. Менің өмірлік ұстанымым – қай салада еңбең етсең де, өз ісіңнің маманы болу маңызды. Өз қызметкерлерімнен де осыны талап етемін. Одан бөлек біздің шаруа қожалықтың басым бөлігі – жастар жұмыс істейді. Жыл сайын жастарды жұмысқа тартып отырмын, – дейді төраға. Расында, «Жер-Ана мәпелесең – жомарт» дегендей, ерте көктемнен басталатын тірлік қара күзге дейін жалғасады. Шаруа қожалығының жұмысына Бағлан Әмреұлы өзі бас-көз болып, қарамағындағы еңбек адамдарына тұрақты жұмыс беріп отыр. Диқандыққа бет бұрған қожалықтың жұмысшылары түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын тізгіндеп, тұрақты түрде жұмыспен қамтылған. 2 0 1 2 ж ы л д а н б е р і а у д а н д ы қ мәслихаттың депутаты болып сайланған. «Еңбегімен ер сыйлы, өнбегімен жер сыйлы» дегендей, ауыл азаматын тұрғындар қайырымды жан деп біледі. Бағлан Әміреұлы 2012 жылы Еңбекші ауылындағы «Баба ата» мешітінің салынуына атсалысқан. Одан бөлек аудандағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға және еңбек ардагерлеріне Наурыз мерекесі мен Қарттар күнінде азық-түлік пен күріш тарту етеді. Азаматтың мәрттігі оның үнемі қайырымдылық шаралардың басы-қасынан табылуымен қуантады. Сондай-ақ тұрмысы төмен, үйі жоқ 12 отбасыға 12 баспана тұрғызып берген. Жас спортшыларға қолынан келгенше қолдау білдіріп келеді. Бүгінде Н.Бекежанов ауылына спорт комплекс пен амбулатория салып беріп, ел игілігіне пайдалануда. Бір сөзбен айтқанда, қандай да бір шаруаға қолдау қажет болса, Бағлан Әшірбеков жолынан жығылмаған. Өзінің ізін басып келе жатқан жастарға, кәсіппен, шаруашылық пен шұғылданамын деген талапты жастарға қолдауы мен көмегін аяған емес. Көршілес Жаңақорған ауданының жас диқандарына да техникалық, қаржылай қолдауын көрсетіп келеді. Сол үшін де оны көпшілік қауым құрмет тұтады. Сыр елі – алтын дәні Ақмаржанымен дүйім жұртқа танылған киелі мекен. Жері құнарлы да қасиетті. Тамшы да тама-тама көл болатыны секілді шағын істің де берекесі бар. Еткен еңбегімізге қарай еселі ризығымыз бар. Қазіргі таңда «Әшірбеков» шаруа қожалығында жалпы 550 гектар жер бар. Төрағаның айтуынша, биыл оның 350 га жеріне негізгі дақыл күріш, 200 га жеріне мал азығы жоңышқа егілген. Көктемде суды үнемдеу мақсатында арнайы техникалармен жерді лазерлі тегістеуден өткізіп, тамшылатып суару әдісін қолданған. Бүгінде егілген дақылды судан қалдырмау үшін, көмек беру мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келіп, 2 аптаға жуық уақыт жәрдем еткен. Атап айтар болсақ, Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Сәбит Жұмартұлы, Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасының №5 ӨСБ жүргізуші қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Дәурен Аширов, Тұран ауданы төтенше жағдайлар басқармасының №5 ӨСБ жүргізуші қызметкері, азаматтық қорғау аға сержанты Сержан Дамирұлы өздерімен бірге су сорғыш насостарын алып келіп, қол ұшын созған. Бұны да шаруашылық ұжымы тілге тиек етіп, өз алғыстарын білдіруде. Шаруашылық 2018 жылы жалпы құны 250 млн теңге болатын күріш ақтау цехын іске қосқан. Цех тәулігіне 60 тонна күріш өңдейді. Б.Әшірбековтің күріш егудегі тәжірибесі жыл сайын мол өнім алуға мүмкіндік беруде. Соңғы жылдары шаруақожалықтың барлық техникасы жаңарып, 2 дана күріш бастыратын «ДжонДир» комбайыны, 2 дана күріш оратын «МакДон», 4 дана «Зумлион» тракторлары сатып алынған. Бұл заман талабына сай, озық үлгідегі техникалар жұмыстың қарқынды жүргізілуі мен өнімді уақытылы егіп, жинап алуда мол пайдасын тигізеді дейді мамандар. «Әшірбеков» шаруа қожалығы жұмысының жоғары нәтижеге қол жеткізуіне себепкерлер әрине дала төсіндегі майталман мамандар. Жаздың аптап ыстығына қарамастан, бел жазбай еңбек етіп келе жатқан озаттарды насихаттау, олардың жұмысымен танысу редакцияның басым бағыттарының бірі болғандықтан, біз оларды үнемі мақтаныш етіп, оқырман назарына ұсынып келеміз. Аталған шаруа қожалықта техниканы тілін меңгеріп құрылған жылдан бастап адал бейнеттеніп келе жатқан Мархабат Ізбетов, Сейілқұл Бекжаппаров, үздік механизатор Төрахан Бердіқұлов, егінші Марат Қошпанов, механизатор Әшімхан Мәліковтардың еңбегі орасан зор. Сонымен қатар, ұжымның биік белестерді бағындыруына айрықша үлес қосқан механизатор әрі күрішші, ардагер Бақыт Әшірбековтің тиянақты тірлігін айта кеткен жөн. Күріш ақтау завотында күріш өңдеу операторы Айбек Таңатовтың атқарып келе жатқан жұмысы өз алдына бір төбе дейді әріптестері. Өткен жылы шаруашылық 350 га жерге күріш егіп, орташа есеппен 50 центнерден өнім алған. Егін даласындағы адал әрі сапалы атқарған еңбегін ескерусіз қалдырмайтын Бағлан Әшірбеков жұмысшыларына осы уақытта дейін 6 баспана және 6 жаңа автокөлік кілтін табыс еткен. «Ердің атын еңбек шығарады» деген халқымыздың сөзі рас. «Адамдардың жақсысы – басқа адамға неғұрлым пайда тигізетін адам» дейді хадисте. «Өнегесіз өмірдің өрісі тар, өнегелі өмірдің өрісі бар» демекші, адал еңбекпен нан тауып, өз ісінде шеберлік танытқан осындай өнегелі азаматтар көп болсын деп тілейік. Шаруа қожалық егінмен қатар төрт түліктің де күтімін, бабын тауып, отарлап қой, үйірлеп жылқы, табындап сиыр, келелеп түйе ұстайды. Малшылардың да әлеуметтік жағдайын бек жасап қойған. Топырақ тозаңында талай тарихи тұлғалардың табан ізі қалған Еңбекшідегі «Әшірбеков» шаруа қожалығының жетістігі жаман емес. Әлі де бағындырар белесі алды да екеніне бүгінгі еңбеккерлердің еңбегіне қарап бірден аңғаруға болады. «Мен күрішке тек тағамдық дән емес, ата-бабамның, атамекенімнің байырғы дақылы деп қараймын. Сондықтан жақсы көремін» деген Ы.Жақаевтың ізбасарлары киелі өңірдің мол табысқа кенеле беретінін дәлелдеп келеді. Алдағы уақытта да адал еңбекпен маңдайдан тер шығарған шаруалардың Шиелінің атын шартарапқа шарықтата беретініне кәміл сенімдіміз.

Мейіржан ИБРАГИМОВ 

04 тамыз 2025 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031