Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы – мәртебелі мамандық

Жұмысшы – мәртебелі мамандық

Өркен Исмаил: Қылмыстың алдын алу керек Кезінде жазушы Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асырау жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – деген екен. Ендеше жұмысшы мамандықтарына да үлкен құрметпен қарайтын кез келді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев кеше"Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
"Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді. Президент: Толеранттылық – халқымыздың басты құндылығы. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі. Халқымызда «Жұмыстың көзін тапқан байлықтың өзін табады» деген сөз бар. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады. Бұл түсінікті қоғам санасына сіңіру қажет. Азаматтарға құрметті атақ берудегі түпкі мақсатымыз да – осы. Бұған дейін мұғалімдерге, дәрігерлерге және мәдениет қайраткерлеріне осындай атақтар беріле бастады. Бұл – өте жақсы бастама, оның аясын кеңейту керек» деді ол.
Шынында да жұмысшы – мәртебелі мамандық. Өкінішке қарай, кейбір мектеп түлектерінің соны кеш түсініп жататыны қынжылтады. Жыл сайын еліміздегі жоғары оқу орындарын қаншама жас маман бітіріп шығады. Бірақ солардың барлығы бірдей өз мамандығы бойынша жұмыс тауып, «дүниеге кірпіш болып қаланып» жатыр ма? Төрт жыл бойы көз майын тауысып алған табақтай дипломын сандықтың түбіне тығып тастап, базар жағалап кететін университет түлектері қаншама? Ал қазіргі кезде керісінше колледж не қызығушылығына қарай түрлі курс бітіріп, білімін шыңдайтын жұмысшы мамандығын алғандардың айы оңынан туып тұр десе де болғандай, өйткені оларға нарықта сұраныс бар. Қолында дипломы бар, бірақ жұмысы жоқ маман болғанша, қолында күрегі, елім деп соққан жүрегі бар жұмысшы болған әлдеқайда жақсы емес пе? Кәсіп деген де осы. Мемлекет басшысының көреген саясаты да осыған саяды. Біз аудан ардагерлері Жолдауды қолдаймыз!
Өркен Исмаил,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Шиелі аданының «Құрметті азаматы».
03 қыркүйек 2024 ж. 176 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930