Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » "ҰЛТТЫҚ МҰРА" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: САУЫСҚАНДЫҚ ТАУ ШАТҚАЛЫНА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

"ҰЛТТЫҚ МҰРА" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ: САУЫСҚАНДЫҚ ТАУ ШАТҚАЛЫНА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» және "AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен "Ұлттық мұра" партиялық жобасы аясында аудандағы жұмыссыз, волонтер, белсенді, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жас мемлекеттік қызметкерлер Сауысқандық шатқалына танымдық экскурсияға барды.

Қаратау етегіндегі мыңжылдық тарихы бар петроглифтерді көру барысында Нартай Бекежанов музейінің қор сақтаушысы Нұрдәулет Нақыпов жастарға тасқа қашалған таңбалардың мән-мағынасын түсіндірді. Қола дәуірінен бүгінгі күнге жеткен суреттерде сол кездегі тұрмыс, аңшылық пен салт-дәстүр көрініс тапқаны айтылды.

Сақтық шаралары аясында жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экскурсияға Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының бір медицина қызметкері және полиция қызметкері де бірге барды. Шара соңында жастар Қаратаудың көркем табиғат аясында естелік суретке түсті.


24 шілде 2025 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031