Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАҚ өкілдері футбол алаңында бас қосты

БАҚ өкілдері футбол алаңында бас қосты

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні аясында Шиелі ауданында ерекше шара ұйымдастырылды. Ақпарат майталмандары бір сәтке тілші диктофондарын футбол добына алмастырып, шағын футболдан өткен облыстық турнирде бас қосты.
Жарыс Шиелі кентіндегі дене-шынықтыру-сауықтыру кешенінде өтті. Турнирге облыстың әр түкпірінен келген БАҚ өкілдері қатысып, салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, достық пен әріптестік қарым-қатынасты нығайтты. Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков құттықтау сөз сөйлеп, ақпарат кеңістігінде тынымсыз еңбек етіп жүрген журналистер қауымына өз ризашылығын білдіріп, шығармашылық табыс пен жеңіс тіледі.
«Сіздердің қаламдарыңыз – қоғамның айнасы. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, адалдықпен ақпарат таратып жүргендеріңіз – құрметке лайық», – деді аудан басшысы. Тартысқа толы додада әр команда намысты қолдан бермей, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Журналистиканың қазанында қайнап жүрген командалар жасыл алаңда да нағыз шеберлік пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.

Турнир нәтижесі бойынша:
1 орын – «Сыр медиа» ЖШС командасы
2 орын – Меншікті тілшілер құрамасы
3 орын – Жалағаш ауданының командасы

Мұндай игі шаралар БАҚ өкілдерінің кәсіби ынтымақтастығын арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы рөлін айшықтай түседі. Әрі денсаулық пен сергектікті серік еткен жандар қай салада да табысқа жететініне дәлел.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

30 маусым 2025 ж. 164 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031