Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ КЕРДЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ КЕРДЕЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МОБИЛЬДІ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Облыстық мәслихат депутаты Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы және аудандық мәслихат депутаты Сүлейменов Болат Мулланазарұлы Керделі ауылдық округі, Н.Бекежанов ауылындағы "Керделі" бастауыш ұйымында тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап мобильді қабылдау өткізді.

Қабылдауға депутаттармен қатар, партия филиалының төрағасы - Болат Мүбаракұлы, партияның атқарушы хатшысы - Жібек Орынбайқызы, "АMANAT" партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі - Нұрлан Әбілқасымұлы, "Бітім" медиациялық орталығының заңгер - медиаторы - Қыдырбек Жұмағалиұлы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалы директорының орынбасары - Жұпар Алтынбекұлы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы - Ғалымжан Нұртілеуұлы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының Шиелі кентіндегі орталықтың маманы - Сабира Мұхтарқызы, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қызылорда қаласындағы басқармасының бас маманы - Қанат Исламбекұлы қатысып, көпшіліктің мәселелерін тыңдады. Ауыл тұрғындары көкейдегі сұрақтарын қойып, тұрақты жұмысқа орналасу, жайылымдық жерлер, аяқ су мәселелерін көтерді.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алынып, тиісті мекемелерге жолданатыны жеткізілді.

26 маусым 2025 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031