Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде дәрігерлерді қорғайтын тұжырымдама әзірленеді

Елімізде дәрігерлерді қорғайтын тұжырымдама әзірленеді

Елімізде дәрігерлерді қорғайтын тұжырымдама әзірленедіҚоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады, деп жазады Egemen.kz.


Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер – біз үшін қымбат. Біз – біртұтас командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі тиіс», деген болатын.
Айта кетсек, соңғы 5 жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне қарсы 160-қа жуық шабуыл тіркеліп, салдарларынан дәрігерлер түрлі деңгейде жарақаттар алған.
16 маусым 2025 ж. 114 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031