АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ ҚАРСЫ АЛЫНДЫ

Чемпионат нәтижелері:
- 70 кг салмақта – Медетбеков Бекарыс – I орын
- 50 кг салмақта – Омарханова Нұрайым – II орын
- 70 кг салмақта – Сәдібеков Наурызбай – II орын
Аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев, “AMANAT” партиясы Шиелі аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздық спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтап, олардың жетістіктері Шиелі ауданының спорт саласындағы дамуының айқын дәлелі екенін атап өтті. Бұл жеңіс жас спортшыларымыздың қажырлы еңбегі мен жаттықтырушыларының кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Ауданымыздың спорт саласындағы осындай жетістіктері болашақта да жалғасын табады деп сенеміз.
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.