Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕМХАНАЛАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

ЕМХАНАЛАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Облыстағы барлық емханалар мен стационарлардың кеңес беру бөлімдерінде тұрғындарға көрсетiлетiн медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында "Ашық есік" күні өтті.
"Ашық есік" күнінде тұрғындар скринингтiк, профилактикалық, флюорографиялық тексерулерден өтiп, көрсетілім бойынша күндiзгi және тәуліктік стационарға жолданды. Сонымен қатар мiндеттi профилактикалық екпе жұмыстары да жүргізілдi.
Сондай-ақ, алыс-шалғай елді мекендердегі сақтандырылмаған мәртебесi бар тұрғындарға да жылжымалы медициналық кешен қызметiмен қамтылды, яғни маммографиялық, ультрадыбыстық зерттеу түрлерінен тегін өтуге мүмкіндік берiлдi.
Атап айтсақ, "Ашық есік" күнiнде 1134 тұрғын дәрігерге дейінгi және 603 адам скринингтiк тексеруден өтсе, 750 пациент тар буынды мамандармен қаралды. Сонымен қатар, 434 лабораториялық анализдер тексеруден өтсе, 942 диагностикалық тексерулер жасалынып, 94 тұрғын диспансерлiк бақылауға алынған. Одан бөлек 58 адам дәрi-дәрмекпен қамтылып, 4 адам стационарлық көмекке жолданды.
14 мамыр 2025 ж. 85 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031