Ашық есік күні өтті
Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығында «Адал азамат – белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру» жобасының аясында жастарға тегін заң көмегін көрсетуге арналған «Ашық Есік Күні» өтті.
Бірнеше білім ұйымдарының студенттері адвокат, заң орындаушы мен нотариустерінің құқықтық кеңестерін алды.
Жобаның жергілікті үйлестірушісі – Қызылорда облысының үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы.
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген әр азаматтың білікті заң көмегін алу құқығын іске асыруды қамтамасыз ететін жоба өңірімізде Қызылорда облысының Әділет департаменті және Қызылорда облысының Қоғамдық Даму басқармасының қолдауымен жүргізіледі. Жоба аясында Қазақстан Азаматтық Альянсының барлық аймақтық офистерінің базаларында орталықтар ашылып, кеңесшілері тұрғындарға кеңес береді.
Заңгерлер жастардың жұмысқа орналасу, жоғары оқу орындарындағы кредиттік жүйе туралы нақты ақпараталу, колледжден кейін жоғары оқу орнына түсу үшін қарастырылған квоталар, тұрғын үй проблемалары, коллекторлардың міндеттері мен құқықтары жөнінде, тағы басқа сұрақтар бойынша кеңес алғандарын мәлімдеді.