Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек ерін еске алуға арналған күрес додасы

Еңбек ерін еске алуға арналған күрес додасы

Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласының ардагері, еңбек адамы Жүсіп Ыдрыс Байтілесұлын еске алуға арналған 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнир ұйымдастырылды. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Айтбай Жандарбеков пен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп қатысып, турнирдің маңыздылығына тоқталып, жас палуандарға сәттілік тіледі. Турнирге Қызылорда облысының барлық аудандарынан және көршілес өңірлерден келген жас палуандар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар 10 салмақ дәрежесі бойынша белдесті. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталды. Турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен қатысушылардың белсенділігі жарыстың сәтті өтуіне ықпал етті.Бұл турнир жасөспірімдер арасында ұлттық спорт түрі – қазақ күресін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

19 мамыр 2025 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031