Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тоқтатылады

Елімізде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тоқтатылады

Елімізде пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру тоқтатыладыҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруді тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz тиісті министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі заңсыз өндіруге қарсы іс-қимыл жөніндегі бұйрықты іске асыру аясында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, көшпелі тексеру жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді.
Жақында Түркістан, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы кен орындарында жүргізілген рейдтер барысында қатты пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілері анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша барлық материалдар заң аясында тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.
Министрлік қатты пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалануды реттеу саласындағы уәкілетті орган ретінде бұзушылықтарды анықтау және алдын алу шараларын дәйекті түрде жүзеге асырады. Мәселе министрдің тұрақты жеке бақылауында, ұлттық пайдалы қазбаларды заңсыз игеруден қорғау жұмыстары жалғасады.
Министрлік жер қойнауын ұтымды және заңды пайдалануға жауапкершілік саланың тұрақты дамуының негізгі элементі екенін атап көрсетеді.
25 сәуір 2025 ж. 63 0