Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САН ҒАНА ЕМЕС, САПА ДА МАҢЫЗДЫ

САН ҒАНА ЕМЕС, САПА ДА МАҢЫЗДЫ

Қоғамда болып жатқан жаңалықтар білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі – өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін балабақшада балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуы педагогтардың заманауи технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Кеше «Арман» кенттік мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов, білім бөлімінің басшысы Дәурен Насибеков аудандағы жеке балабақша құрылтайшыларымен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдады. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Осы жерден баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына үлес қосатын алтын ұя. Бүгінде Шиелі ауданында мемлекеттік балабақшадан бөлек, 75 жеке балабақша жұмыс істейді. Олардың 47-сі аудан орталығында орналасса, ауылдық жерлерде 28-і жұмысын жүргізіп келеді. Жалпы жеке балабақша тізімінде 4335 бала бар. Ал осы балабақшаларда техникалық қызметкерлермен қоса есептегенде 1318 адам жұмыспен қамтылған. Жиын соңында, аудан әкімінің орынбасары жеке балабақшалардың заң талаптарын қатаң сақтауға, сондай-ақ балаларға ұсынылатын ас мәзірінің сапасы, аула тазалығы, балабақшаның ішкі жұмыстарының талапқа сай болуына айрықша назар аударуды тапсырды.
Бұл тұста көші-қон – маңызды фактор. 2013-2022 жылдар аралығында Шиелі ауданынан 32 мың адам қоныс аударып кеткен. Көштің басым бөлігі – қалаға бағыт алғандар. Олардың көші көбіне жұмыссыздық, табыстың аздығы, инфрақұрылымның әлсіздігі сынды мәселелермен байланысты. Бір жағынан ауылда бала туу көрсеткіші жоғары болса, екінші жағынан сол балаларды асырау, тәрбиелеу, білім беру, болашағын қамтамасыз ету – басты міндет. Мұны аудан тұрғыны Әсия Әлім былайша түйіндейді: – Жас отбасы ретінде болашағымызды қалада көрдік. Жолдасым қалада қосымша жұмыс істейді. Қазіргі нарықта ауыл табысына қарап отыру қиын. Сондықтан ауылдағы айлықты арттыру жағы ойластырылса деген тілегіміз бар, – дейді ол. Дәл осындай шынайы сөздер ауыл демографиясы мен көші-қон саясатының өзара тығыз байланысты екенін көрсетеді. Үкімет тарапынан бұл мәселелерге бейжай қаралып жатқан жоқ. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ауылдық аумақтарды дамыту, тұрғындардың тұрақтап қалуын қамтамасыз ету бағытында нақты жұмыстар қолға алынғанын мәлімдеген болатын. Атап айтқанда, «Жайлы мектеп», «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту», «Ауыл – ел бесігі», «Бір ауыл – бір өнім» сияқты бағдарламалар іске асырылуда. Сонымен бірге көпбалалы аналарды әлеуметтік жағынан қолдау, баспана мәселесін шешу, еңбек нарығын жандандыру, жәрдемақыларды көбейту сынды ұсыныстар бүгінгі таңда ең өзекті қажеттіліктердің бірі. Егер осы бағыттар толық жүзеге асса, ауыл халқының қалаға үдере көшуі азайып, керісінше ауыл тіршілігі жанданып, тұрақтылық орнығар еді. Облыс көлеміндегі көші-қон саласындағы сандар да назар аударуға тұрарлық. Биыл облыс бойынша 25 516 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 4 167 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынса, соның 4 093-і ТМД елдерінен, қалғаны алыс шетелдерден келген. Бұл – ел ішіне көші-қон процесінің белсенді жүріп жатқанын көрсетеді. Оның ішінде тұрақты тұрып жатқан 382 шетелдік бар, ал 10 шетел азаматы Қазақстан азаматтығын алған. Барлығы заң шеңберінде, тәртіппен жүзеге асуда. Бірақ бұл да демографиялық саясаттың бір тетігі ретінде қарастырылуы керек. Шетелден келгендердің қоғамға бейімделуі, олардың елге пайда әкелуі – мемлекет бақылауында болуы тиіс. Мұның бәрі – ұлт болашағы үшін жасалып жатқан қадамдар. Бірақ кез келген бастаманың берекелі болуы үшін халықтың тұрмыс жағдайы, әсіресе сананы тұрмыс билейтін заманда, ең басты назарда болуы шарт. Тұрмысы төмен отбасы баланы көп туа қоймайтыны белгілі. Сондықтан демографияны көтерудің ең сенімді жолы – әлеуметтік жағдайды жақсарту. Сөз соңында ұлтқа ұран болған мына сөз ойға оралады: «Халық – мемлекеттің жаны. Халық көбейсе – елдің іргесі бекем, рухы биік, болашағы жарқын болады!». Ұлттың болашағы – бүгінгі ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың тағдыры – ұлттың демографиялық саясатына байланысты. Ендеше, ұрпақ өссін, ұлт өссін!

С.МАДИЯРОВА
16 сәуір 2025 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (9294)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (9293)

13 сәуір 2025 ж.

№25 (9292)

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930