
Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тамағындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезіндегі спиртті ішімдік ішу орны толмас кемшіліктер туғызады. Сондықтан, алкагольді ішімдіктер мен улы тағамдардан сақтанған жөн. Сізге зиян болған нәрсе сәби үшін де зиян болып табылады.Егер жүктілік кезінде салмағыңызда айтарлықтай өзгерістер байқалса, арнайы дәрігерлермен кеңескеніңіз дұрыс болады. Жерік болған тағамыңызды, кей жағдайларда жеміс-жидектеріңізді уақытылы тауып,жеуге асығыңыз. Жеріктік іштегі ұрыққа қажетті азықты анықтайды. Сол себептенде де аяғы ауыр әйелге оның жақын адамдары қалағанын тауып беруді үлкен жауапкершілік санайды. Әйелге жетпей тұрған дәрумендер мен минералды заттар жатырдағы ұрыққа да жетіспей тұрады.Әр түрлі құнарлы азық түрлерінен құралған тағамдардың пайдасы зор. Ондай тағамдардың қатарына сүт өнімдері, ет, балық еті,жеміс-жидектер, көкөністер, майлы тағамдар, жұмыртқа мен бидай (арпа) өнімдері жатады. Құнарлы азықтың түр-түрінен күн сайын жеген абзал. Ағзаға қажетті майлар, көмірсулар мен ақуызды осы тағамдардан алуға болады.Күн сайын үш рет көп мөлшерде тамақтанғаннан гөрі бес-алты рет жеңіл тамақтанудың пайдасы мол. Ас қорыту жеңілдейді.Жүкті әйелдің ағзасындағы майларға деген сұранысы 35%-ға артады екен. Майды сүт өнімдерінен, түрліше майлардан, марагриннен және жаңғақтардан алуға болады.Жүкті әйелдің ағзасындағы көмірсуларға деген сұраныс 55%-ға артады. Көмірсулар бидай өнімдерінде, нанда, макарондарда, картопта және күріште молынан болады.Жүкті әйелдің ағзасына қажетті ақуыз, майлар мен көмірсулардан бөлек қосымша дәрумендер мен минералды заттар керек.Аяғы ауыр әйелдің кофе мен шайды және коланы мүмкіндігінше аз қолданғаны жақсы. Егер мүмкін болса,тіпті қолданбағаны нұр үстіне нұр болады. Ал ішімдіктердің қаншалықты зяанды екенін айтып жату қажет емес болар.
Құрылымы бойынша Сіздің асыңыз пирамида тәрізді болуы тиіс: ең кең бөлілі, «базисы» наннан, дәнді дақылдардан және макарон өнімдерінен құрылады. Сізге бұл өнімдерді көбірек тұтыну керек, басқаларынга қарағанда. Жеміс-жидектер мен көкөніс заттары ағзаға қажетті азық тобын құрайды. Үшінші, ең аз топты сүт өнімдері, ал сондай ақ ет, жұмыртқа, бұршықты өнімдер мен жаңғақ заттар құрайды. Пирамиданың шыңында майлар мен тәттілер тұр, оларды барынша аз тұтынған жөн. Егерде сіңіретін ас жайлы мәселелер туындаса, онда дәрігерге жүгініңіз. Жүкті әйелдер железо мен фолий қышқылын (дәрумендерді) қажет етеді. Темір құрамды өнімдерді (бұршақты, жапырақты көк көкөніс, сүт, жұмыртқа, балық, үй құсы (тауық) және фолий қышқылы бар өнімдер (бұршақ, жұмыртқа, бауыр, қызылша, қырыққабат, бұршақ, қызанақ). Сондай-ақ құрамында темір бар дәрумендер мен таблеткаларды тұтыныңыз, егерде Сізге дәрігер ұсынса.
Сіздің өмір сүру дағдыңыз бен дұрыс тамақтануыңыз – болашақ балаңыздың денсаулығының кепілі екенін әсте естен шығармаңыз!
Сұлутөбе дәрігерлік амбулаториясыныңакушері Жүрсінова Айнұр Әшірбекқызы