Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ

Қайырымдылық – адамның жан дүниесінің айнасы. Ол үлкен іс болсын, кішкентай игі амал болсын, маңыздысы – шын жүректен шығуы. Расында, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, көмек беріп, жылы сөзбен қуанта алсақ, өміріміз шуақты бола түседі.
15 наурыз – «Қайырымдылық күні» аясында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтің және аудан ардагерлерінің қатысуымен көпбалалы, тұрмысы төмен, жалғызбасты қарттарға және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратылып, көмек көрсетілді. Бұл қайырымдылық шарасына ауданның кәсіпкерлері, еріктілер мен тұрғындары белсене атсалысып, 150 отбасы азықтүлікпен қамтамасыз етілді.
Тағылымды шарада аудан басшысы сөз сөйлеп, жерлестерін рамазан айымен, Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Сондай-ақ ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Исмаил мен абзал ана Әтіркүл Шорабаева да шараның маңыздылығына тоқталып, қайырымдылық жасаудың құндылығын айтты.
Бұл күн халықты мейірімділік пен татулыққа шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен дәріптеу, оның қадірін арттыру аса маңызды. Себебі көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған. Ұлы даланың басты құндылықтарының бірі – адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі қоғамды айрандай ұйытып, бір ел, бір халыққа біріктірген. Сол себепті «Қайырымдылық» күні қазіргі қазақ қоғамының басты құндылықтары болып отыр.
Бұл игі дәстүр қоғамда – жақсылық жасауға деген ұмтылысты арттырады. Ендеше, қыстан шығып, көктемге аман жетіп, бауырмалдық, татулық, мейірімділікті дәріптейтін қасиетті күн әр шаңыраққа бақ-береке, шаттық әкелсін дейміз.

Айнұр ИБРАШЕВА
26 наурыз 2025 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30