Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕКІНІҢ БІРІНЕ БЕРІЛЕ БЕРМЕЙТІН НЕСІБЕ

ЕКІНІҢ БІРІНЕ БЕРІЛЕ БЕРМЕЙТІН НЕСІБЕ

Өркен Әзімханұлы ағамыздың орындауындағы «Әйелдің жасын сұрама, әйелдің жасы он сегіз» деген керемет әнін көзі қарақты оқырмандар талай естіп жүрген шығар. Қай жасқа келсе де, әйел заты әрине, жас болғысы келеді. Дегенмен жақсы, әдемі қартаю да екінің біріне беріле бермейтін несібе. Мереке қарсаңында жасы жүзге жақындаған ақ жаулықты әжеміздің бірі – Райхан Серікбаева жайлы мағлұмат беруді жөн көрдік. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі ­Айнаш Сейтжапбарованың мәліметінше, Шиелідегі жасы үлкен әжеміз – осы кісі. Райхан апай – 1927 жылы Майлытоғай ­ауылында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласқан тыл адагері. Жолдасы Қожабек Серікбаев атамыз екеуі 8 ұл-қыз тәрбиелеп өсіріп, немере, шөбере, шөпшек көріп отырған бақытты жан. Бір қызығы, Райхан апайдың туылған күні 8 наурыз екен. Дәл, Халықаралық әйелдер күні 98 жасқа келетін, асыл әжемізге қуатты болып, өмірдің қызығын көре беруіне тілектеспіз!

Дария МАҚСҰТ
11 наурыз 2025 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (9334)

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930