Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАЗАҚҚА ТҰРМЫСҚА ШЫҒАТЫНЫМДЫ СЕЗДІМ

ҚАЗАҚҚА ТҰРМЫСҚА ШЫҒАТЫНЫМДЫ СЕЗДІМ

Татьяна Бейсенова – мемлекеттік тілді өз ана тіліндей меңгерген өзге ұлт өкілінің бірі. Еңбекші ауылының тұрғыны. Әке-шешесі орыс болса да, бала кезден қазақы ортада өскендіктен қазақшаны тез үйреніп кеткен. Бүгінде қазақ азаматына тұрмысқа шығып, салтдәстүрді берік ұстанатын Татьяна қазақ тілін білу күнделікті тіршілігіне өте қажет дейді. Айтуынша, өзі бойжете бастағанда-ақ қазақ азаматына тұрмысқа шығатынын сезген.
– Қазақ тілін білгеннен де шығар жұбайымның туыстарымен ешқандай қиындықтар болған жоқ. Шай құюдан бастап, сәлем беру, орамал тағу секілді салт-жоралғыны ұ с т а н д ы қ . Ә л і к ү н г е дейін қазақы нақыштағы к и і м і м д і к и і п , ұ л т т ы қ құндылықтарды дәріптеп жүремін. Иә, тұрмысқа ерте шықтым. Алайда еш өкінбеймін. Бақыттымын. Қазір 8 баланың анасымын. Бала-шағаны үлкенді қалай сыйлау керектігін көрсету арқылы тәрбиелеу керек деп есептеймін. Шаңырағымызға келетін қонағымыз таусылмайды, есігіміз ешқашан жабылмаған. «Қонақ келсе – құт» деп жүретін адамның қатарынанмын, – дейді ­Татьяна.

А.ИБРАШЕВА
08 наурыз 2025 ж. 165 0

Қоғам

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК
16 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930