Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » МІНЕЗІ МӘЙІМ МІНАЙЫМ

МІНЕЗІ МӘЙІМ МІНАЙЫМ

Мінайым Пірімова – жоғары санатты мейіргер. Ол тек Шеген Қодаманов атындағы ауылдағы дәрігерлік амбулаториясының ғана емес, аудандағы өз саласының тәжірибелі мамандарының бірі. Жоғарғы санаттағы медицина маманы, өз білімі мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады және осы жағынан ол әріптестеріне үлгі болып табылады. Жалпы тәжірибе мейіргері М.Пірімова босанған әйелдер мен олардың сәбилеріне қажетті медициналық қызметтер көрсетеді.
Әйел мен оның баласы үшін босанғаннан кейінгі күтімнің маңыздылығы бесенеден белгілі. Бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан Мінайым үнемі жас аналарды тексеріп, олардың қан қысымын өлшеп, жалпы жағдайын бағалап, баланы дұрыс күтуді үйретеді, әртүрлі аурудан сақтандыру үшін қажетті шараларды ұсынады. Ш.Қодаманов атындағы ауылда 15-49 жас аралығындағы туу жасындағы 630-дан астам әйел тұрады. Өткен жылы осы ауылда 72 сәби дүниеге келді, ал биылдың өзінде 12 жас ана аман-есен босанып, оның екеуі егіз болып шықты. Өткен жылы ауылда сәби мен ана өлімі тіркелмеді. Бұл әрине, ауыл дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. Біздің кейіпкерімізді осы іске елеулі үлес қосып жүр деуге әбден болады. Мінайымның міндеті осы жұмыспен ғана шектелмейді. Дәрігерлер мен басқа медбикелермен бірге ол өзіне жауапты аймақта түрлі жастағы созылмалы аурулары бар науқастарды үнемі тексеріп отырады.

Дария МАҚСҰТ, автордың фотосы
08 наурыз 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031