900 граммдық нәресте үйіне шығарылды
Бүгін, ағымдағы жылдың 28 наурыз күні 900 грамм болып дүниеге келген нәресте анасымен, үйіне аман-есен шығарылды.
28 наурыз күні Қызылорда қаласының 22 жастағы тұрғыны Мөлдір Жұбаниязова жүктіліктің 27-ші аптасы мерзімінде, салмағы – 900 гр, бойы – 30 см, алақанға сыйып қана кететін шақалақты дүниеге әкелді. Өмір есігін ерте ашқан сәби ерекше күтімді, сапалы емдеуді, ұзақ уақыт бойы бақылауды қажет етті. Нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінің мамандары баланың жанын сақтап қалу үшін барын салды. Ерекше күтімнің, білікті мамандардың, жоғары технологиялық құрал жабдықтардың арқасында 27-ші тәулікте, нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Бұл бөлімшеде де аса ұқыптылықпен күтім жасалып, сапалы ем-дом жүргізіліп, бүгін, өмірге келгенінен шамамен 2 ай өткенде, яғни 58-ші тәулікте, салмағы – 2000,0 грамдық сәби аман-есен анасымен үйіне шығарылды.
Облыстық перинаталдық орталығында 2023 жылдың басынан бері 275 сәби мерзімінен бұрын өмірге келді. Орталықта шала туған сәбилерді күтуге, бағуға, оңалтуға қажетті жабдықтардың бәрі бар. 500 – 600 грамдық шақалақтарға өмір сыйлау дәрігерлердің дәстүрлі ісіне айналды десе болады.